Ел жүрегі – Астана: кітап көрмесі
Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы мен «Ақшың» корпорациясының 25 жылдығына орай 22 ақпан күні Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасы Семей қаласының Жастар ресурстық орталығымен бірге «Ақшың» сауда орталығында қалың оқырман қауымына «Ел жүрегі – Астана» атты арнайы кітап көрмесін ұсынды.
Аталған шараның мақсаты: оқырмандарға елордамыздың 20 жыл ішіндегі даму жолдары мен тарихи кезеңдерін насихаттау арқылы Астананың абыройын асқақтату және ғасырлық дәстүрді сабақтастырған Астананың бүгінгі келбетінен мол мағлұмат беру.
Тақырыпқа сай безендірілген көрмеден: елорданың өткені мен бүгінінен сыр шертетін туындылар, Астананың қазіргі келбетін баяндайтын кітаптар, фотокітаптар орын алды. Кітапхана қорынан алынған Елбасының астананы Ақмолаға көшіру туралы бастамасы жайлы баяндайтын «Н.Ә.Назарбаев – тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы», «Президент және «Астана ЭКСПО-2017», «Астана – күн шуағы қаласы», «Астана – даладағы ғажайып» бейне-фильмі, «Астана – Қазақстанның астанасы» атты үнтаспа, сонымен қатар жаңа елорданың тарихи-саяси, мәдени және туристік төлқұжаты түрінде әзірленген «Қазақстан» атты үш тілді көркемсуретті кітап-альбомы мен көптеген оқырмандардың қызығушылығын арттырған Қазақстанның даму тарихы бойынша елеулі құжаттама болып табылатын «Нұсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» атты көркемсуретті кітабы қойылды. Астана күннен-күнге қарыштап дамып, қанатын кенге жайып келеді, көрмеде ұсынылған кітаптар арқылы астананың қалыптасуындағы басты кезеңдерді еске алу мүмкіндігіне ие боламыз, өйткені кішігірім қаладан Астана әлемдегі ең әдемі және заманауи қалалардың біріне айналды.