Жақсылықты жақсылықпен жалғастыр: акция
Біздің ең жақын досымыздың бірі – кітап. Барлық сұрақтардың жауабын, ойымызды толықтыру, қиялымызды ұштау, интеллектуалдың дамуын кітаптан табамыз, өйткені, барлық даналық кітапта. 18 сәуір күні Абай кітапханасында Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай «Жақсылықты жақсылықпен жалғастыр» акциясы өтті. Осы күні алғашқы 10 оқырманға кітаптар сыйға тартылды. Акцияның мақсаты кітапты сыйға тарту арқылы бір-біріне серпін беру, ең жақсы сыйлық кітап және кітап сыйлау қай уақытта болса да құнды, маңызды екенін ескерту. Сыйға кітап алушылар алған кітаптарды өздері оқып, өзінің жақындарына, достарына жалғастырып бере алады.
Кітапхана мамандары кітап сыйлау күні оқырмандарға жақсылық әкеледі деп үміттенеді. Осы жарқын иллюстрациялар, кейіпкерлердің естен кетпес оқиғалары және кітап сиқырлығы оқырмандарға бір күндік мереке ғана болып қалмай , өзінің сүйікті кейіпкерлеріне көптеген жылдардан кейін де оралса екен дейміз.