Компьютерде жұмыс істеу негіздері: тренинг
2018 жылғы 10-19 сәуір аралығында компьютер негіздері бойынша тренинг өткізілді. Шараға төрт зейнеткер қатысты. Қатысушылар тренингте компьютер негізін меңгеріп: мәтінмен жұмыс жүргізу, құжаттарды жасау және сақтау, бағдарламаларды іске қосу жұмыстарымен танысты. Зейнеткерлердің тренингтен алған білімдерін нақтылау мақсатында тәжірибелік тапсырмаларға ерекше көңіл бөлінді. Қатысушылар егде жасының кейбір қиыншылықтарына қарамастан тест қорытындысы бойынша алған білімдерін жақсы көрсете алды.