• Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • KZ
  • RU
Кіру
Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіАбай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СҰРАҚ ҚОЮ

Онлайн виртуалды анықтама

ҰЗАРТУ

Кітаптарды пайдалану мерзімін ұзарту

БӨЛІМДЕР

Кітапхана бөлімшелері
ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГ

Жаңалықтар

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық: жаңа оқулықтар таныстырылымы

Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық: жаңа оқулықтар таныстырылымы

  • 24.04.2018

Абай атындағы кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы орай «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көрген жаңа оқулықтардың таныстырылымы ұйымдастырылды.

Елбасының осы мақаласы шыққаннан бері әлем мойындаған ең үздік 100 оқулығын қазақ тіліне аудару жұмысын қолына алған, Ұлттық аударма бюросы 18 жаңа оқулықтың тұсаукесерін ұсынғаны белгілі. Елбасының ана тілімізді дамытуға, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, отандық білім мен ғылымға жасап отырған үлкен қолдауын студент-жастарға терең түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған шара 12 сәуір күні Елбасының алдында тұсауы кесілген 18 кітаптың электронды нұсқасының таныстырылымымен басталды. Шараға қатысқан қаламыздағы Семей мелекеттік медицина университетінің, Қазақ инновациялық-гуманитарлық заң университеті колледжінің, «Авиценна»медициналық колледжі, «Көлік» колледжінің, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің жоғарғы Агротехникалық колледжінің студенттеріне ЖОО ғалымдары мен оқытушылары шараға қатысушыларға тың ақпараттар берді.
Қазақ инновациялық-гуманитарлық заң университетінің философия және саясаттану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, профессор М.М.Түйебаев: Кеше ғана кемел бастаманың бастапқы баспалдағы бағындырылды. Осы жоба аясында қазақ тіліне аударылған кітаптардың маңызы өте зор. Әлемге танылған ағылшын тіліндегі философия, әлеуметтану, дін тақырыбындағы кітаптарды оқырман қауым әлем ойшылдары бізге не береді деген құлшыныспен оқи алады. Адамның санасына ықпал ететін жаңа оқулықтар еліміздің оқырман қауымы үшін өте пайдалы ғылыми негіздер болып табылады. Жоба аясында Карен Армстронгтың «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны» еңбегiнің еуропалық деңгейдегі Құдайтану түсінігінің қазақ тілінде жарық көруі тамаша бастама. Жастарымыз Еуропадағы исламдық және христиандық іліммен жете танысуға мүмкіндік алды.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы, доцент, ф.ғ.к. Э.М.Сәмекбаева: «Қазақ тіліне аударылған тіл білімі саласындағы «Тіл біліміне кіріспе», «Тіл және мәдениетаралық коммуникация» оқулықтары ның жарыққа шығып, шәкірттерге жол табуы өте қажетті білім. Бұл оқулықтар тілдерге ортақ құбылыстар мен ортақ заңдылықтардың негізі қайда екенін ашық көрсетуге мүмкіндік береді және түрлі ұлт, мәдениет өкілдерінің өзара ұғынысып, тіл табысуы үшін де маңызды екенін егжей-тегжейлі түсіндіреді. Еліміздің азаматтары Оксфорд, Кембриджде берілген білімді енді Қазақстанның әрбір өңірінде оқитын болады. Болашаққа бағытталған аталмыш жоба ағылшын тілінен ана тілімізге төте аудару, ұлт терминалогиясының дамуына кең жол ашу, академиялық стильді, терминологияны жүйелеу сынды стратегиялық мақсаттарды көздейді.
Қазақ инновациялық-гуманитарлық заң университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты А.Қ.Рахметуллин: Ел азаматтары әлемдік білімнің жауһарларын қазақ тілінде оқып, санасы азат ұрпақ өсіруге мүмкіндік береді. Ағылшын тіліндегі тың дүниелер қазақ тілді оқырманның қолына бірінші рет жетіп отыр. Жастарымыздың санасына серпіліс жасайтын бұл жоба жас ұрпақ үшін өте маңызды жоба. Жастарымызды отаншылдыққа тәрбиелеп, ішкі жан дүниесін байытады. Бұл саналы ұрпақ қалыптастыруда жасалған маңызды қадам.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің психология кафедрасының аға оқытушысы Г.А.Күребаева: Жоба аясында аударылған «Әлеуметтік психология» (Дэвид Майерс), «Қазіргі психология тарихы» (Дуэйн Шульц, Сидней Шульц) оқулықтары студент-жастарға өте қажет оқу құралдары. Бұл оқулықтар білім бағдарламаларына міндетті түрде енгізілуі қажет. Бүгінде «Әлеуметтік психология» оқулығына сұраныс өте көп екендігін ғалымдарымыз айтуда.

ІЗДЕУ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік : ақпараттық сағат
15жел.2025
Ғасырлар тоғысындағы Тәуелсіздік: дәріс-пікірлесу
15жел.2025
13 желтоқсан – Алаш Орда үкіметінің құрылған күні: ақпараттық сағат
12жел.2025
Ел таныған тұлғалар: шығармашылық кездесу
12жел.2025
«Абай жолы» кітапханасы жобасы: кітаптар тұсаукесері
12жел.2025

НАВИГАЦИЯ

  • Негізгі бет
  • Кітапхана жаңалықтары
  • Іс-шаралар афишасы
  • Кітапхана шежіресі

ОҚЫРМАНЫ ҮШІН

  • Анықтама қызметі
  • Кітапты ұзарту
  • Бөлімдер
  • Байланыстар

БАЙЛАНЫСТАР

Адрес: Қазақстан, Абай облысы, Семей қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 86 ү.
Индекс: 071400
тел.: 8(7222) 52-04-94, 52-38-87
факс: 520-494
e-mail: semeybib@yandex.kz

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

САЙТТА ТІРКЕЛУ

Кіру | Тіркеу

Login with your site account

Lost your password?

Not a member yet? Register now

Register a new account

Are you a member? Login now