• Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • KZ
  • RU
Кіру
Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіАбай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СҰРАҚ ҚОЮ

Онлайн виртуалды анықтама

ҰЗАРТУ

Кітаптарды пайдалану мерзімін ұзарту

БӨЛІМДЕР

Кітапхана бөлімшелері
ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГ

Жаңалықтар

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Зейнолла Сәнік және ұлттық рух: көптомдық шығармалар жинағының тұсаукесері

Зейнолла Сәнік және ұлттық рух: көптомдық шығармалар жинағының тұсаукесері

  • 04.05.2018

Абай атындағы кітапханада 4 мамыр күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  Алматы қаласындағы «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының» бастамасымен бірлесіп белгілі қаламгер, этнограф, баспагер, Қазақстан жазушылар одағының және Қытай мемлекеттік жазушылар қоғамының мүшесі Зейнолла Мүбәракұлы Сәніктің 15 томдығы мен оның жары ақын,ұстаз Шәмшабану Хамзақызының 2 томдық кітабының таныстырылымы өтті. Шара қонақтарын кітапхана қорындағы басылымдардан арнайы дайындалған «Зейнолла Сәнік және ұлттық рух» тақырыбындағы кітап көрмесі қарсы алды.

Тұсаукесерге Алматыдан жазушының жары Шәмшабану Хамзақызы, ұлы Қанат, қызы Жанат,  ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, «Жұлдыз» журналының бас редакторы Ғалым Жайлыбай, филология ғылымдарының кандидаты, зейноллатанушы, «Сулеймен  Демирел» университетінің доценті   Жолдасбек Мәмбетов, ақын, ҚР Мәдениет қайраткері, «Зейнолла Сәнік» атындағы мәдениет қорының атқарушы директоры Серік Қалиев, журналист, «Зейнолла Сәнік» атындағы мәдениет қорының қызметкері Жарқын Сәленұлы сынды тұлғаларымыз  арнайы келіп, семейлік оқырмандармен жүздесті. Шараны М.Төлебаев атындағы музыкалық колледждің студенттері Абай шығармаларынан әдеби-сазды композицияны орындаумен ашты. Қатысушылар жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильмнен үзінді тамашалады.

Шара барысында ақын Ғалым Жайлыбай жазушы Зейнолла Сәнік пен жазушының жары Шәмшабану Хамзақызының шығармаларын жан-жақты талдап, оқырмандарға таныстырды.  Зейноллатанушы ғалым Жолдасбек Мәмбетов халқымыздың бар болмысын, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, дүниетанымы мен рухани әлемін жан-жақты зерделеуге бағыт беретін қаламгерлердің үлкен ізденіспен тудырған шығармалары жайлы жазған,  биылғы жылы  Алматыдан «Қазақ университеті» баспасынан жарық көрген  «Зейнолла Сәніктің шығармашылық мұрасы» атты монографиялық еңбегін сыйға тартты.

Шәкәрім атындағы  мемлекеттік университеттің оқытушылары филология ғылымдарының докторы, профессор А.С.Еспенбетов, т.ғ.к.,профессор М.Қ.Каримов, қазақ филология факультетінің деканы, профессор, ф.ғ.к. А.Қ.Қадыров, М.Қозыбаев атындағы тарихи зерттеулер ғылыми орталығының  жетекші маманы М.Асылбеков, Дулат Байбатайұлы атындағы ақындар мектебінің  директоры А.С.Ахтанова, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Шәкәрім университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі А.Қ.Жүндібаева, қазақ филология факультетінің 2 курс магистранты А.Е.Шаймарданова, Қазақ инновациялық-гуманитарлық заң университетінің оқытушылары, әдебиеттанушы, ф.ғ.к., «Алаштану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Т.Қ.Шаңбай,  философия және саясаттану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, профессор М.М.Түйебаевтар жазушы З.Сәнік пен жары Шәмшабану Хамзақызының шығармаларын талқылап, қаламгерлердің шығармашылық қырын аша түсті.  Аталмыш шара Семей халқы үшін аса рухани, маңызды шара болды.  Шара соңында  кітапсүйер қауымға кітаптар сыйға тартылды.

ІЗДЕУ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көне Семей: көрме
22шіл.2025
Шәкәрім мұрасы – ұрпаққа аманат: пікір алмасу алаңы
22шіл.2025
Біз достармен зерікпей ойнаймыз және оқимыз: ойын бағдарламасы
16шіл.2025
Мен жаздың суретін саламын: асфальтта сурет салу
10шіл.2025
Әдебиет – ардың ісі: кең көлемді кітап көрмесі
08шіл.2025

НАВИГАЦИЯ

  • Негізгі бет
  • Кітапхана жаңалықтары
  • Іс-шаралар афишасы
  • Кітапхана шежіресі

ОҚЫРМАНЫ ҮШІН

  • Анықтама қызметі
  • Кітапты ұзарту
  • Бөлімдер
  • Байланыстар

БАЙЛАНЫСТАР

Адрес: Қазақстан, Абай облысы, Семей қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 86 ү.
Индекс: 071400
тел.: 8(7222) 52-04-94, 52-38-87
факс: 520-494
e-mail: semeybib@yandex.kz

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

САЙТТА ТІРКЕЛУ

Кіру | Тіркеу

Login with your site account

Lost your password?

Not a member yet? Register now

Register a new account

Are you a member? Login now