Дербес компьютерді тәжірибелі пайдалану: тренинг
2018 жылғы 2-4 мамыр аралығында компьютер негізін меңгерген қатысушы Баймұрынова Айнұрға арнайы тренинг өткізілді. Қатысушы тренингте арнайы бағдарламаларда жұмыс жүргізу, мәтіндік редакторларда, Excel бағдарламасында графика, кесте жасау және сақтау, бағдарламаларды іске қосу, Windows жүйесін меңгеру және Интернет қосымшалары жұмыстарымен танысты. Айнұрдың білімін нақтылау мақсатында тәжірибелік тапсырмалар мен тест жүргізілді. Қатысушы алған білімін өзінің болашақ жұмысында және жеке өмірінде жақсы қолдана алады деп сенеміз. Дербес компьютердің тәжірибелі пайдаланушысы жетістікке міндетті түрде жетеді.