Детективтер тергеу жүргізеді: «Диалог» клубының аясындағы әдеби квест
Қазіргі жастар оқиды, бұны кітапхана растап отыр. Жас ұрпақтың бір-бірімен оқыған кітаптарын талқылау ниеті үлкен қызығушылық тудырып отыр. Осы жағдайда ең жақсы қарым-қатынас квест – бұл әрі ойын, әрі қарым-қатынас және кітап оқу. Осы мақсатта 19 мамыр күні Абай атындағы кітапхана «Диалог» клубы аясында «Детективтер тергеу жүргізеді» атты әдеби квест ұйымдастырды. Квесттің негізгі кітабы болып Ф.М.Достоевскийдің «Преступление и наказание» шығармасы, ал негізгі сюжет болып Родион Раскольниковті іздеу таңдалды. Іздеу барысында көмекші-кітаптар ретінде И.С.Тургеневтің «Муму», Н.С.Лесковтың «Левша», Конон Дойлдың «Возврашение Шерлока Холмса», Н.В.Гоголдің «Тарас Бульба», У.Шекспирдің «Отелло», М.Елизаровтың «Библиотекарь», Дж.Роулингтің «Гарри Поттер» таңдалды. Квеста үшін кітапхананың барлық аумағы әрекет етілді. Ал квест болса әдеттегідей – стол басында кітап оқумен басталды, кенеттен сұмдық айқай естілді, көрші бөлмеден әжей табылды, қасында балта, клуб мүшелері арасында кім өлтірген деген сұрақ туындады, оларға кітаптардан алған жауаптар көмектесті. Квест қызықты, көңілді, танымды өтті. Осындай өзгеше форматты іс-шара кезінде қатысушылар белсенділік танытты. Тапқырлығы, әдеби туындыларды білгендігі үшін ең жақсы сыйлық – кітап берілді. Клуб отырысы нағыз мерекеге айналып, дәмді шәй ішумен аяқталды.