Туған жерінің құрметті азаматы: слайд-тұсаукесер
Біздің жерлестеріміздің арасында тарихта және ел есіңде өз ізің қалдырған адамдар бар. Сондай адамдардың қатарына Бозтаев Кешірім Бозтайұлын атауға болады. 19 мамыр күні Абай атындағы кітапханада жазушының туғанына 85-жыл толуына орай «Туған жерінің құрметті азаматы» атты слайд-тұсаукесер өтті. Тұсаукесердің қонақтары болып «Диалог» әдеби клубының жастар буыны қатысты. Олар тұсаукесерді көріп-тыңдап қана қойған жоқ, сонымен қатар К.Б.Бозтаевтың «Семипалатинский полигон», «Человек и атом», «29 августа», «Синдром Кайнара» кітаптарын қызу талқылады. Жас болса да клуб мүшелері полигон қайғысын сезіне білді және олардың пікірінше, бұл кітаптар полигон өлкенің табиғаты мен экологиясын бұзып қана қоймай, адамдарға әлеуметтік, моралдық тұрғыдан да үлкен қайғы әкелген полигон қызметінің зұлымдығын повестейтін құжаттар болып табылады.