Кітапханада коворкинг-орталық ашылды
Абай атындағы кітапханада коворкинг-орталық ашылды. Орталықтың ашылуы «Қазақстанның Кітапханалары» партиялық жобасы шеңберінде жүзеге асты. Салтанатты шараға Шығыс Қазақстан облыстық “Нұр Отан” партиясы филиалы, «Нұр Отан» партиясы, ШҚО Семей қаласы кәсіпкерлер Палатасы филиалы, жастар қанатының «Жас Отан», өкілдері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, және кітапхана пайдаланушылары қатысты.
Коворкинг-орталық – өзін-өзі ұйымдастыру нысаны, адамдар мен кез келген кәсіп иелерінің еркін қауымдастығы. Коворкинг-орталықтың негізгі мақсаты әлеуметтік маңызы бар студенттік бастамаларды, студенттік өмірді жақсарту саласындағы әлеуметтік жобаларды және бірлесе жұмыс жүргізу үшін жастардың қолжетімді жұмыс кеңістігін ұйымдастыруды, өз деңгейлерін көтеруге ниет білдірген және институтының түлектері арасындағы ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің бастамаларын іске асыру үшін ыңғайлы алаң құру.
Коворкинг-орталығының ерекшеліктерін жайында Ә.М.Мұхтарханов: «орталықтың ерекшелігі – жедел Интернет, адамдар арасында емін-еркін, бейресми қарым-қатынас. Әлем бір орында тұрмайды және біз де техникалық жаңалықтардан тыс қалмауымыз керек», – деп атап өтті.
Семей қалалық “Нұр Отан” партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары З.Ф.Жамалтдинова Абай кітапханасында ашылған орталықтың ашылуы тұрғындарға жаңа серпіліс беретін, өңірдің инновациялық дамуына көмектесетін, жаңа ұрпаққа мамандық таңдауға, пікірлестер командасын қалыптастыруға арналған перспективалық жобаларды енгізетін, инновациялық идеялар мен тәжірибелерді іске асыратын орталық болатындығын айтты.
Қалалық мәслихатының депутаты, Семей қаласындағы “Қайнар” колледжінің директоры, А.С.Арғынбекова бұл жобаның “Нұр Отан”партиясымен бірлесіп іске асырылуы өте маңызды, өйткені, бүгінде кітапхана заманауи жабдықпен жабдықталған барлық қажетті іскерлік кездесулер, мастер-кластарды өткізуге ыңғайлы қарым-қатынас орталығы болатындығын жеткізді.
ШҚО Семей қалалық кәсіпкерлер Палатасы филиалының директоры А.Ә.Әділжанов, іскерлігін жаңа бастаған және кәсіпкерлік бастамасы бар қала тұрғындары үшін, сондай-ақ, болашағы бар бизнес-жобаларды талқылау үшін ыңғайлы және ақпаратқа қолжетімді орын пайда болды деп атап көрсетті.
Семей қалалық Жас Отан жастар қанатының жетекшісі Ж.Рятов коворкинг-орталықтың туған қаласында ашылуы үлкен шабыт беретінін айтып, бұл орталық жастардың тұрақты келіп тұратын орны болатындығына ниет білдірді.
Коворкинг-орталығының барлық мүмкіндіктерімен кітапхана директорының орынбасары Амренова Гүлмира Фатиховқызы таныстырып, орталық ұсынып отырған техникалық жабдықтар, жоғары жылдамдықты Интернет, Skype арқылы сөйлесу, кітапхананың бай қорынан қажетті ақпараттық және электрондық ресурстары барлығы да орталыққа келушілерге арналғандығын айтып өтті. Енді орталықта мастер-кластар, дәрістер, семинарлар мен түрлі шаралар өтетін болады. Жастар бос уақыттарында үстелдік ойындар ойнап, соңғы жаңалықтарды талқылап, пікір алмаса алады. Коворкинг-орталықтары арқылы өз идеяларын дамытып, біздің аймақтың және еліміздің дамуына ықпал ете алады.