Абайды тану: әдеби сағат
«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарлама аясында және ұлы ақынның туғанына 173 жыл толуы қарсаңында кітапханадағы Абайдың рухани орталығында жас оқырмандар және олардың ата-аналарына арналған «Абайды тану» атты әдеби сағаты ұйымдастырылды. Қараңғылыққа, надандыққа жаны кұйген Абай дүйім жұртты қайткенде түзеудің жолын көздеп, бір тоқтаған түйіні – ғылым, өнер болса, соның ізінше еңбекті тауып, халықты соған үндеді. Жүз жыл өтседе, Абайдың ақылы әлі де қиындықтарды шешу бағыттарын табуға көмектеседі. Ол өлеңді өмірге игі әсерін тигізетін, адамға ақыл-өнеге беретін енер деп білген. Әдеби сағат аясында жас оқырмандар ақын өмірі және шығармашылығымен туралы ақпаратқа қанық болып, ұлы Абай оқыған сирек қордағы XVIII-XIX ғасырларда жарық көрген сирек басылымдармен танысты. Әдеби сағат қатысушыларына Абайдың «Қыс», «Жаз», «Күз», «Көктем» атты танымал өлеңдерінен және «Қара сөздерінен» үзінділер оқылды.