Отбасы тақырыбы халық ауыз әдебиетінде: әдеби – ойын бағдарламасы
13 қыркүйек күні Қазақстандағы отбасы күні мерекесіне орай балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері №31 жалпы білім беретін мектептің 2 «Б» сынып оқушылары үшін «Отбасы тақырыбы халық ауыз әдебиетінде» атты әдеби – ойын бағдарламасын өткізді.
Шараға қатысушы оқушылар аталмыш мерекенің тарихымен, орыстың танымал жазушысы, ақын А.С.Пушкиннің «Балықшы мен балық туралы», «Өлі патшайым мен жеті батыр туралы», «Сұлтан хан туралы» ертегілерінің желісі бойынша отбасындағы қарым-қатнас тақырыбымен таныстырылды. Оқушылар «Отбасы әліппесі», «Сөйлемді аяқтаңыз…», «Дұрыс сөз тіркестерін тап…», «Берілген сөздермен отбасы жайлы ертегі құрастыр..» ойындарына белсене қатысып, жұмбақтар шешіп, отбасы туралы ертегілер бойынша ұйымдастырылған әдеби викториналарда асқан белсенділіктерін көрсетті. Шараға соңында арнайы жасақталған «Отбасы тақырыбы халық ауыз әдебиетінде» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.