Мен, сен және ол – достығы жарасқан Еліміз!: танымдық-ойын бағдарламасы
Еліміздің елеулі мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне орай Абай кітапханасы 21 қыркүйек күні №8 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «Мен, сен және ол – достығы жарасқан Елміз!» атты танымдық-ойын бағдарламасын ұсынды. Мәдени шараның мақсаты: пайдаланушыларға Қазақстан халықтарының тілдері күнінің маңызы жайлы айту, өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, таза сөйлеуге үйрету, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Шараға қатысушы балаларға мемлекеттік тілге қатысты «Ақылдылар мен тапқырлар», «Мықты аудармашы», «Сен өз Отаның туралы білесің бе?», «Тіл туралы мақал-мәтелдер» және т.б. викториналар, танымдық ойындар, сайыстар өткізілді. Барлық қатысушылап сайыстарға белсене қатысып, өздерінің білімдерін көрсетіп, ойларын жеткізе білді. Олардың ішінде Петров Степан, Бикшенов Самат және Тәңірбергенов Ерғанат ерекше белсенділік танытты. Шараға қатысушылардың назарына Ланговых Сергей «Туған тілім» атты өлең жолдарын оқып берді. Тіл тақырыбына арналған слайдтық көрсетілім назарға ұсынылды. Шара соңында №8 балалар үйінің кітапханашысы осындай маңызды шараның ұйымдастырып өткізген үшін кітапхана қызметкерлеріне үлкен алғыс білдіріп, барлық қатысушыларды Тіл күні мерекесімен құттықтады.