Компьютерде жұмыс істеу негіздері: тренинг.
2018 жылғы 18-24 қыркүйек аралығында зейнеткерлерге арналған тренинг өткізілді. Шараға үш зейнеткер қатысты. Қатысушылар тренингте компьютер негізін меңгеру, мәтінмен жұмыс жүргізу, құжаттарды жасау және сақтау жұмыстарымен танысты. Зейнеткерлердің тренингтен алған білімдерін нақтылау мақсатында тәжірибелік тапсырмаларға ерекше көңіл бөлінді. Қатысушылар егде жасының кейбір қиыншылықтарына қарамастан тренингтен алған білімдерін жақсы көрсете алды.