Абайдың рухани орталығында: ақпараттық сағат
Бүгін Абай кітапханасының «Абайдың рухани орталығында» Alikhan Bokeikhan University студенттері болды. Олар кітапхана тарихымен және ұлы ақын Абай оқыған әдебиеттер әлемімен танысып, кемеңгер тұлғаның қайраткерлігін тұлғасын танытатын сирек өлкетану түпнұсқаларына қызығушылық танытты. Сондай-ақ, сирек кездесетін әлем әдебиеті мен орыс классиктері жауһарларын, көне кітап жәдігерлері туралы ақпарат алды.
Жас оқырмандар өлкетану дереккөздерінен Абай Құнанбайұлының тұлғасына қатысты сирек деректерді біліп, құнды жәдігерлер санатынан Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков және басқа ұлт зиялыларының көзі тірісінде жазған түпнұсқа мұраларын тамашалады.




