Сиқырлы жетілік: интеллектуалдық ойын
19 наурыз күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Наурыз мейрамы карсаңында, № 21-ші жалпы орта білім беретін мектептің 7 сынып оқушыларына арнап «Сиқырлы жетілік» атты интеллектуалдық ойын ұиымдастырды.
Ойын барысында оқушыларға жеті ата, жеті қазына, жеті ғалам, жеті байлық атты ұғымдардан түсінік беріліп, қасиетті жеті санының мәні мен мағынасын, ерекшелігін, оқушы қауымға таныстырды. Ойын жалғасын 7 санына байланысты викториналық сұрақ-жауап жалғастырды. Ойынға балалар белсене қатысып, өздерінің білімдерінің жан-жақты екендігін дәлелдеді. Белсене қатысқан оқушыларға кәде сыилықтар таратылды.