«Менің таңдауым!», «Менің Президентім!»: сурет бәйгесі!
03 сәуір күні сағат 11.00-де Абай атындағы кітапхананың өнер бөлімінің ұйымдастыруымен «Менің таңдауым!», «Менің Президентім!» атты сурет сайысының қортындысы өтті.
Бейнелеу өнері шығармашылық жұмыстар сайысы бойынша алдын-ала берілген тапсырмалар негізінде колледж студенттері Тәуелсіз Қазақстан, Астана, Елбасы еңбектері, отансүйгіштік, ұлттар достастығы жайында суреттерді ұсынды. Көрмеге көркемөнер мектебінің, «Авиценна» медициналық колледжі және М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенттерінің туындылары қойылды.
Жас суретшілердің қолынан шыққан елуден астам түрлі – түсті майлы бояу, кескіндеме тәсілдерімен салынған тамаша суреттер назарға ұсынылып, оның ішінде 17 шығарма таңдалынып алынды. Көрмеге қойылған ең үздік туындыларға Шәкәрім университетінің көркемсурет факультетінің оқытушысы Рахат Берікбол және басқада мамандар тарапынан орындар тағайындалып, баға берілді. Соның нәтижесінде сайыс қортындысы шығарылып, үздік жұмыстардың авторлары кітапхана тарапынан алғыс хаттармен және кітаптармен марапатталды. Олардың ішінде Әпсәләмов Сайран, Серікбаева Тамаша, Серғазин Әділет, Қадыров Ғибрат, Мұратова Балжанның еңбектері жоғары бағаланды. Іс-шараға қатысушылардың назарына «Ел.Елбасы.Елорда» кітап көрмесі ұсынылып, шолу жасалды.
Іс-шара соңында «Семей таңы», «Вести Семей» қалалық газеттердің журналистері осы сайыс жеңіпаздарынан сұхбат алды.