Жарқын Пасха мерекесі
Сәуір айының 12-ші жұлдызы күні, біздің кітапханада барлық православтық христиандардың ең қасиетті мерекесі – Пасхаға арналып, «Жарқын Пасха мерекесі» атты этнографиялық сағат өткізілді.
Қазақстанды мекендейтін ұлттар мен ұлыстар бір-бірінің салт-дәстүрлерін біліп, танысуға қашанда бейілді. Мұның барлығы – еліміздегі тыныштық пен татулықтың жемісі. Аталмыш шараның мақсаты: шараға қатысушыларды пасха мерекесінің тарихымен, салт-дәстүрімен таныстырып, толеранттылық пен бір-біріне деген өзара сыйластықты қылаусыз сақтау керек екенін түсіндіру;
Пасха күндері діншілдер дәмді тағамдар даярлап (тұзсыз нан пісіріп, ірімшік қайнатады, жұмыртқа бояйды), оларды «қасиетті тағамға айналдыру үшін» шіркеуге апарады. Этнографиялық сағатта Болгария, Германия, Чехия, Франция т.б. елдерде Пасха мерекесінің атап өтілу ерекшеліктері айтылды. Шара соңында белсенді қатысушылар дәстүрлі пасхалық ермек: еңіс астауша бойымен жұмыртқа домалату ойынына қатысты.
Жарқын Пасха мерекесімен! атты кітап көрмесі жасақталып, қатысушылар назарына ұсынылды. Этнографиялық сағаттың соңында қонақтар пасхалық дастархан мәзірінен дәм татып, бір-бірін мерекемен құттықтады.