«Оқырманға көмек» сауалнамасын талдау
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы 2015 жылдың басында оқырмандар арасында пайдаланушылардың қалауын анықтап, кітапхана кеңістігі мен қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында «Оқырманға көмек» тақырыбында сауалнама жүргізген болатын.
Сауалнамаға 150 адам қатысты, олардың басым бөлігін – 64,0% (96 адам) 15-21 жас арасындағы жастар құрады.
Кітап таңдауда кітапханашының көмегі 58,7 % қатысушыларға, каталогтармен жұмыс жасауда 57,3% сұралушылар кітапханашы көмегін қажет етеді, сұралғандардың 65,3% кітапханаға түскен жаңа кітаптар жайлы ақпаратты қажет етеді.
Кітапхана жұмысына енгізуді қажет ететін жаңалықтарға бір шыны кофе, шай ішу мүмкіндігі – 44,7%, көркем шығармалар бойынша кинофильмдерді көрсету –32,7%, оқу және демалу орындарында әуен тыңдау мүмкіндігі – 28,7%, сурет галереясын, әртүрлі көрмелер ұйымдастыру – 18,0%, стол үсті ойындары 16,0%, сұралушылар өздері тарапынан ұсынған әдеби кештер мен табиғат бұрышын ұйымдастыру белгіленді.
Біздің оқырмандарымызға кітапханада қолайлы жағдай жасау үшін компьютері мен Wi-Fi бар жеке, дара орын – 45,7%, ксерокс, сканер, принтер және басқа да осындай қызмет түрлері – 37,3%, ақпарат тасымалдаушылардың барлық түріне қолжетімділік (кітаптар, журналдар, электронды тасымалдаушылар) – 35,3%, демалатын орын болуы – 29,3% қажет.
Сауалнамаға жауап берушілердің барлығы кітапхананың қосымша сервистік қызметтеріне ақы төлеуге дайын екенін бідірді, оның ішінде түрлі-түсті және (немесе) ақ-қара баспа өнімдерін жасату – 52,0%, сканерлеу – 43,3%, құжаттардың көшірмесін әзірлеу – 39,3%, мәтінді теру және редакциялау – 20,7%, электронды тұсаукесерлер жасау – 16,7%, брошюралау және түптеу – 14,7%, компьютерді жалға беру – 5,3%.
Біздің кітапхананың сайтынан біздің оқырмандарға: толықмәтінді оқылатын ақпарат қажет – 60,3%, әдебиеттердің библиографиялық тізімі – 30,7%), виртуалды көрмелер – 25,3%, бизнес-ақпараттар –22,0%, көп сұралатын мерзімді басылымдардың мазмұны жайлы аннотациялар – 14,7%, өз тараптарынан сауалнамаға қатысушылар көңіл көтеретін ойындар мен ағылшын тілінде мәліметтер, әлемдік және отандық медицина жайлы тарихи құжаттар мен ақпараттар орналастыруды өтінді.
Жалпы кітапхана сайтының құрылымымен сауалнамаға қатысушылардың 86,7% қанағаттанады.Кітапхананың әр түрлі тақырыпта ақпаратты электронды пошталары арқылы алуына жасаған ұсынысын 8 адам қолдап, оларға биологиядан, демографиядан, ағылшын тілінен, тарих пен социологиядан ақпараттық парақтар жіберілді.