Мүмкіндігі шектеулі жандарды баспалдақпен көтеріп, түсіретін арба: тұсаукесері
2015 жылдың 21 сәуірі – біздің кітапхана пайдаланушылары үшін ерекше айтулы күн болды.
Өйткені, «ҰАК Казатомпром АҚ» қаржыландырумен мүмкіндігі шектеулі жандарды көтеріп- түсіретін арба сатып алып, оның тұсаукесерін өткізуге мүмкіндік алды.
Өткен, 2014 жылы кітапхана мүмкіндігі шектеулі жандарды баспалдақпен көтеріп, түсіруге арналған арбамен жабдықтау үшін грант жеңіп алған болатын. Грант беруші- «ҰАК Казатомпром АҚ» болды. Жыл басында қаржыландыру іске асырылғаннан кейін, кітапхана мүмкіндігі шектеулі жандарды баспалдақпен көтеріп- түсіруге арналған 2 арба сатып алуға мүмкіндік алды. Бұл көтергіш арбалар оңтайлы, 32 қабатқа дейін қашықтықты меңгере алады.
Шараға «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімі ММ, «Семей қаласы мүгедектер қоғамы» БҚ, «Көмек» Семей қаласы мүгедектер бірлестігі ассоциациясы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақ зағиптар қоғамы» ҚБ Семей аймақтық филиалы, «Шырақ» мүгедек әйелдер Ассоциациасы және мүмкіндігі шектеулі балаларға кітапханамен бірлесіп қызмет көрсететін- «Исток» мемлекеттік емес ұйымының өкілдері қатысты.
Аталмыш шара барысында қатысушылар мүмкіндігі шектеулі жандарды көтеріп- түсіретін құрылғының мүмкіншіліктерімен танысып, арбаға таңылған жандар кітапхананың жоғарғы қабаттарына құрылғымен көтеріліп, осы қабаттарда орналасқан бөлімдерге саяхат жасап, бөлімдердің тыныс-тіршілігімен, «Қазақ хандығына – 550 жыл» атты кең көлемді кітап көрмесімен таныстырды. Саяхат соңында мүмкіндігі шектеулі жандар қайта бірінші қабатқа түсіп, ондағы «Ұлы Жеңіс- ұрпаққа ұлағат» деп аталатын кітап көрмесімен, оқу залы, оқырмандарға қызмет көрсету залдарының кітап қорымен жақын танысып, өздеріне қажетті кітаптарды өз қолдарымен таңдап алуға мүмкіндік алды.
Мүмкіндігі шектеулі жандар осы шарада кітапхана ғимаратының жоғарғы қабаттарына алғаш рет көтерілуге мүмкіндік алып отыр. Бұған себепші: қаржыландырушы «ҰАК Казатомпром АҚ» http://kazatomprom.kz болып отыр.Қазақстан Республикасының «Қазатомпром» АҚ геологиялық барлау, уран шикізатын өндірумен және Өскемендегі Ульба металлургия зауытында атом электр станцияларына ядролық отандық таблеткалар шығарумен, сирек кездесетін металдар алумен, ҚР Ұлттық Ядролық орталығында ғылыми зерттеу жұмысымен айналысады.Қайрымдылық көрсету аясында компания жыл сайын Ардагерлер Кеңесіне, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, көпбалалы отбасыларға, аз қамтылған отбасылардың балаларына, «Қазақстан зағиптар қоғамы» АҚ-на, заңды (коммерциялық емес) ұйымдарға белсенді түрде қолдау көрсетеді.
Біздің қаламыздағы мүмкіндігі шектеулі жандарға жасап отырған қайырымдылықтары – компанияның міндетті әлеуметтік бағдарламаларының бір бөлігі болып отыр.
Кітапхана әкімшілігі мен мүмкіндігі шектеулі жандардың атынан «ҰАК Казатомпром» АҚ-на көрсеткен игі істері үшін зор алғысымызды білдіреміз.