Буккроссинг: акция
2015 жылдың 22 сәуірі күні біздің кітапхана «Бүкіләлемдік кітап күні» мерекесі қарсаңында қаламыздағы орталық саябақта, «Буккроссинг» акциясын өткізді.
Бұл мәдени шараның мақсаты: көркем әдебиеттердің оқылымнан шығып қалмай, өз оқырманын табуына ықпал ету, тұрғындардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру;
Кітаптың өз оқырманын іздеп шығатын бұл қозғалыс, осыдан бірнеше жыл бұрын Америкада басталған болатын. Әлемдік жаһанданумен бірге біздің елге де аяқ басқан осы шараның ерекшелігі- кітап назардан тыс қалып қоймай, қайта айналымға енуінде.
Кітаптардың сыртына «Бұл кітап өзін жоғалтқан жоқ, бар қызықты ішін ашып, оқысаң білесің!» деген стикер жабыстырылды.Айналасы бір сағатқа жетер-жетпесте қойылған орындарында бірде-бір кітап қалмай, осы мақсатқа бөлінген жиырмадан астам кітап өз оқырманын тапты, Олардың қатарында: В. Меншиковтің «Повороты судьбы», С.Бердіқұловтың «Шығармалары», «Балалар энциклопедиялары», Ғ.Мұстафин мен Валлис Лапистің «Таңдамалы шығармалары», С.Гордневтің детективтері, Т.Сұлтановтың «Ақ киізге көтерілген қазақ даласының хандары» т.б. кітаптар бар. Кітаптардың оқырмандар арасындағы қозғалысын бақылау үшін әр кітаптың арасына «Буккроссиг» қозғалысы туралы оқырманға арналған ақпарат берілді. Осы ақпараты пайдалана отырып, әр оқырман өзі туралы мәліметтерді кітапхананың semeybib@ yandex.ru электронды поштасына жібере алады. Шара соңында тұрғындар «Буккроссиг» акциясын өткізуді дәстүрге айналдырып, жиі өтіп тұруын қалайтындықтарын білдірді.