Шығыс Қазақстан: Тәуелсіздік белестері
8 қазан күні Шығыс өңіріндегі қос халықтың қос ақынының атымен аталатын – Семей қаласындағы Абай атындағы және Өскемен қаласындағы А.Пушкин атындағы кітапхана Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап Астана қаласындағы Шығыс Қазақстанның мәдени күндері аясында ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасында «Шығыс Қазақстан: Тәуелсіздік белестері» тақырыбында кең көлемді кітап көрмесін ұйымдастырды. Шығыс өңірінің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін астаналық тұрғындарға таныстыру мақсатында ұйымдастырылған көрмеге 200 ден аса басылымдар қойылды. Сондай-ақ, көрмеден Елбасының шығыс өңіріне сапары және тәуелсіздік жылдары бой көтерген әдемі ғимараттардан жасақталған фотосуреттер топтамасы мен түрлі өндіріс орындары туралы дайындалған брошюралар мен буклеттер, жарнамалық парақтар орын алды. Шығыс Қазақстан өлкесінің табиғат байлықтарымен көмкерілген кітап көрмесін тамашалаған қатысушы қауым көрмеден ерекше әсер алды.