Терроризмге жол жоқ!: көрме-ескерту
14 қазан күні Абай атындағы кітапханада «Терроризмге жол жоқ!» атты көрме-ескерту ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: жастарға терроризмнің қаңшалықты қауіпті екендігін, сананы улайтын сансыз теріс ағымдардың соңынан кетпеу керектігін сақтандырып ескерту. Бүгінгі таңда терроризм бүкіл дүниежүзін алаңдатып отырған ең қауіпті, ең күрделі, сондай-ақ, аса жоғарғы қарқынмен өршіп келе жатқан қоғамдық қауіпті құбылыс. Аталмыш шара барысында көрмеге қойылған діни экстремизмнің алдын алу, жастардың діни сауаттылығын арттыру, терроризммен, діни экстремизммен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптары туралы басылымдарға шолу жасалды. Сонымен қатар жастарға күманды сайттарға кірмеу керектігі ескертілді.