Қожа Ахмет Яссауи – сопылық поэзияның көрнекті өкілі: танымдық сағат
ЮНЕСКО-ның шешімімен 2016 жыл – Яссауи жылы болып жарияланды. Осы айтулы мерекеге орай 25 қазан күні Абай атындағы кітапханада «Қожа Ахмет Яссауи – сопылық поэзияның көрнекті өкілі» тақырыбында танымдық сағат өткізілді.
Қожа Ахмет Яассауи – сопылық поэзияның негізін салушы ақын, күллі Күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер тұлға. Әзірет Сұлтан атанған бабамыздың мәңгі өшпес асыл мұрасы – «Диуани хикмет» (Даналық кітабы) қыпшақ диалектілерімен көне түркі тілінде жазылған. Бұл шығарма түркі халықтарының рухани жетістігі болып табылады. Осы шығарманы өскелең ұрпаққа дәріптеу, адамгершілікке шақыру мақсатында өткізіліп отырған шарада ақынның өмірі мен шығармашылығы сөз болды. Аталмыш шараға қатысушыларға Яссаудің «Диуани хикмет» ақыл кітабынан буктрейлер және фоторепортаж ұсынылды. Сонымен қатар кітап көрмесі жасақталып, шолу жасалды. Кітап көрмесіне 20- дан астам басылым қойылды. Атап айтсақ: Қожа Ахмет Яассауидің «Диуани Хикмет»: («Ақыл кітабы») А. Ахметбектің «Қожа Ахмет Яассауи», Г.Умарова, С.Шарабасовтың «Қазақ әдебиетінің тарихы» т.б. Шараға көпсалалы, радиотехника және байланыс колледждерінің студенттері қатысты.