Колумб күні: тарихи сәттер: блиц-турнир
27 қазан күні Абай атындағы кітапхана американдық мейрамдардың бірі – Христофор Колумб күніне орай, қаламыздағы №8 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ағылшын тілінде ойын-турнир өткізді.
Кристофор Колумб – әйгілі жиһангез және саудагер. Солтүстік Атлант мұхитына жүзуге қатысқан. Колумб көздеген мақсатын орындады, ол адам баласына жаңа материк ашып берді. Колумб есімі дүние жүзіне әйгілі болды. Жер шарындағы көптеген жер, су, арал, түбектер, асқар таулар, қала, селолар оның атымен аталды. Бұл — оған арналған мәңгі ескерткіш. Колумбтың кітапханасындағы кітаптардың құрамына және оларға соққан белгілеріне қарағанда, оның Марко Полоның «Сапарлар» атты шығармасын оқығандығы жайында болжамдар бар. Шара барысында Колумбтың жасаған теңіз саяхаттары, жаңа жер ашулары туралы көптеген қызықты деректер келтірілді.
Шараға қатысушылар оның тек өмірбаянымен танысып қана қоймай, картадан саяхат жасаған жерлерін тауып, арнайы ұйымдастырылған викториналық сұрақтарға жауап берді. Өз білімдерін ортаға салып, белсенділік көрсеткен қатысушыларға кітапхана тарапынан кітаптар, Американың карталары сыйға берілді.