Сараланған электронды ақпараттандыру
Электрондық үкімет құру Мемлекеттік бағдарламасы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы жұмысын сонау 2006 жылы бастаған. Осы уақыт ішінде ақпараттық сауаттылық пен Интернет желісінде жұмыс жасау дағдысын арттыруға бағытталған компьютерлік курстарға 3000 астам адам қатысты. Олардың ішінде студенттер, зейнеткерлер, жұмыссыздар, қызметкерлер мен кітапханашылар да болды. Тренингтердің басты мақсаты – «Электронды үкімет» порталы арқылы бірқатар мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігін пайдалану болып табылады. Кітапхананың автоматтандыру бөлімі тренингтердің өтуіне техникалық қолдау көрсетіп, электронды үкіметтің қызметтерін қолдану бойынша пайдаланушыларға кеңес берді.
2016 жылдың сәуір айында ұзақ уақытты ақпараттық қажеттіліктерді нақтылау және талдауды есепке ала отырып, сараланған электронды ақпараттандыру бағдарламасы үшін белгілі ақпарат пайдаланушысы «Семей қаласының «Әмина» мұсылман әйелдері» қоғамдық ұйымының президенті Жұматаева Гүлжихан Әмірғалиқызы ниет білдірген. Пайдаланушының ақпараттық қажеттіліктерін ескере отырып, біз мемлекеттік органдардың электронды қызметтері, е-қызметтерді пайдалану, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы білім беру деңгейін арттыру сияқты оны қызықтыратын тақырыптарды анықтадық. Осыған орай Жұматаева Г.А. кітапхананың Интернет орталығында ұйымдастырылған компьютерлік графика, Интернет негіздері, әр түрлі бағдарламаларды іс жүзінде қолдану бойынша тренингтер мен ақпараттық семинарларға қатысып отырды. Пайдаланушының сұранысы бойынша қажетті ақпарат көздері анықталды. Олар: http://www.e.gov.kz Қазақстанның электронды үкімет порталы, http://www.akorda.kz Қазақстан Президентінің ресми сайты, http://www.zakon.kz заңнамалық порталы және http://www.supcourt.kz Жоғарғы Сот веб-сайты. Қажетті ақпарат пайдаланушыға СМС, қоңырау соғу арқылы және электронды пошта арқылы жіберілді. Енді Гүлжихан Әмірғалиқызы кітапхананың автоматтандыру бөлімінен бір уақытта қоғамдық жұмыс бойынша электронды ақпаратқа қол жеткізіп, электронды үкімет қызметтері бойынша мамандандырылған көмек алатын болды.