Алғыс айту күні: аукцион
17 қараша күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері қаладағы №8 балалар үйі тәрбиеленушілеріне американдық мереке «Алғыс айту күніне» арнап ойын-аукцион өткізді. АҚШ-та қараша айының төртінші бейсенбісінде «Алғыс айту күні» аталып өтеді. Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Аталмыш мейрам XVII ғасырдан бері тойланып келеді.
Іс-шара барысында мейрамның шығу тарихы, маңыздылығы туралы қызықты ақпараттар беріліп, слайд көрсетілімдері ұсынылып, викториналық ойындар ойнатылды. Шараға қатысушылар аталмыш елдің ұлттық мейрамымен танысып, зор қызығушылық танытып өз пікірлерімен бөлісті.
Шара соңында «Рахмет саған, Туған ел!» тақырыбында жасақталған кітап көрмесіне шолу жасалынды.