Семейдің 25 тарихи-мәдени орындары: өлкенту сағаты
29 қараша күні Абай атындағы кітапханада ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» шеңберінде «Семейдің 25 тарихи-мәдени орындары» тақырыбында өлкетану сағаты өткізілді. Шара барысында қатысушы студенттерге Семей қаласының 1718 жылдан бүгінгі күнге дейінгі тарихы мен тарихи тұлғаларға арналған қала мәдениетінде маңызды орын алатын Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов, Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевский ескерткіштері жайлы, «Жидебай», «Бөрілі» және т.б. мұражайлар мен мәдени орындары туралы мол мағлұматтар берілді. Семей – Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбаевты, кемеңгер философ Шәкәрім Құдайбердиевті, әлемдік әдебиет қайраткері Мұхтар Әуезовты, суырып салма әнші Әміре Қашаубаевтарды дүниеге әкелген қасиетті жер. Шара барысында жастар Семей өңіріне қатысты кітапхана қорындағы әдебиеттермен, библиографиялық көрсеткіштермен танысты. Аталмыш шара жастардың Семей өңірнің тарихын тереңірек танып білуде және рухани ой-өрісін кеңейтуде маңызды шара болды.