Қазақстан Республикасының Президенті тұрақтылық пен егемендіктің кепілі: слайд-дәріс
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» шеңберіндегі Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Семей өңірлік гарнизонына қарасты әскери полиция отрядында «Қазақстан Республикасының Президенті тұрақтылық пен егемендіктің кепілі» тақырыбында слайд – дәріс өткізілді. Мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күні биылғы мерейлі жылы айрықша мәнге ие болып отыр. Бұл – Қазақстан мемлекеттігін құрып, қазақстандықтардың бақуатты тұрмысының кепілі болып отырған Елбасының сарабдал саясатының айрықша ардақталатын жыл.
Шараның мақсаты – казақстандық патриотизмді қалыптастыру, тәуелсіз Қазақстанның даму жолындағы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тұла бойына тоғыстырған алымды да алғыр басшы ретіндегі ролін көрсету.
Дәріс барысында Қазақстан Президентінің басшылығымен еліміздің Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктері, оның қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін қалыптастыру мен дамытудағы рөлі жан-жақты айтылып өтті. Тыңдаушылардың назарына ұсынылған «Елбасымен нұрлы болашаққа» атты кітап көрмесіне қойылған Елбасы еңбектеріне, «Сындарлы он жыл», «Өзекжарды ойлар», «Н.Назарбаев: фотосуреттер», «Нурсултан Назарбаев: биография», Н.Назарбаев «В потоке истории», Н.Назарбаев «Эпицентр мира», Н.Назарбаев «Мыслями с народом поделюсь», Н.Назарбаев «Казахстанский путь» т.б. кітаптарға шолу жасалынды.
Бұдан бөлек, іс-шара аясында «Елбасы жолы фильмнің көрсетілімі өтті.