Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны (ағылшын тілінде, шетелдік студенттерге): бейнеэкскурсия
14 желтоқсан күні Абай атындағы кітапхананың шетел әдебиеті бөлімі қызметкерлері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» шеңберінде шетелдік студенттерге «Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны» атты бейнеэкскурсия ұйымдастырды. Іс- шараға қатысушыларға Шығыс Қазақстанның ең танымал орындары: «Катон-Қарағай», «Марқакөл қорығы», «Алакөл», «Қозы Көрпеш- Баян сұлу», «Абай» мұражайы, Семейдің «Аспалы көпірі» және қаланың т.б. көрікті әрі танымал, мәшһүр жерлері бейнефильм арқылы көрсетілді. Қаламызға келген шетелдік студенттер үшін бұл таптырмас қызықты ақпарат болды. Олар таңғажайып нысандармен таныса отырып, қаланың мәдениеті мен тарихы туралы ақпаратты да ұйып тыңдады. Бейнеэкскурсия көрсетілімінен кейін, студенттерге Шығыс Қазақстан өңірі туралы викториналық сұрақтар қойылды: Қаланың қандай тарихи-мәдени орындарын білесіздер? Семейде ерекше қандай орындар ұнайды? Бейнеэкскурсияда көбінесе не ұнады? Бейнеэкскурсияда көрсетілген қай жерлерде болдыңыз? Викториналық сұрақтарға белсенді түрде жауап берген қатысушыларға кітапхана атынан кітаптар табысталды.