13 желтоқсан күні Абай кітапханасында Абай өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының жеке құрамына Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мерекесі күніне орай «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты ақпараттық сағат өткізілді. Шара барысында Абай өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасы басшысының тәрбие және идеология жұмыстары …
12 желтоқсан күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері электротехника колледжінің студенттері әзірлеген «Ғасырлар тоғысындағы Тәуелсіздік» атты тарихи-өлкетану бағытындағы дәріс-пікірлесуге қатысты. Шара 15–20 ғасырлар аралығындағы Қазақстан мемлекетінің қалыптасу кезеңдерін қамтыды. Бұл іс-шара өлкентану мазмұнымен қатар тәрбиелік бағыттағы элементтерді де ұштастырды. Дәріс барысында …
12 желтоқсан күні Абай кітапханасының қызметкерлері Алаш Орда үкіметінің құрылған күніне орай Семей қаласының көпсалалы колледжінің студенттеріне ақпараттық сағат өткізді. 13 желтоқсан – қазақ тарихындағы аса маңызды күндердің бірі. Бұл күні 1917 жылы ұлттық мүддені қорғауды мақсат еткен Алаш Орда …
11 желтоқсан күні Абай кітапханасында «Абай жолы» кітапханасы жобасы аясында жарық көрген кітаптардың авторларымен шығармашылық кездесу өтті. Кездесуге ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері Әділғазы Қайырбеков, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қайырбек Шағыр және белгілі жазушы, қоғам қайраткері, …
11 желтоқсан күні Абай кітапханасында Абай облысының әкімі Берік Уәлидің қолдауымен, Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Абай кітапханасының ұйымдастыруымен «Абай жолы» кітапханасы жобасы аясында жарық көрген кітаптар топтамасының тұсаукесері өтті. «Абай жолы» кітапханасы – 2023 …
10 желтоқсан күні Абай кітапханасының Шетел әдебиеті бөлімінің маманы Семей қаласының №6 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушыларына «Көркем әдебиеттегі танымал тұлғалар» атты әдеби сағат өткізді. Іс-шара қазақ әдебиетінің классиктері М.Әуезов, І.Есенберлин, С.Мұқанов, О.Сүлейменов және Б.Момышұлының шығармашылығына арналды. Шара барысында оқушылар қазақ жазушыларының …
10 желтоқсан күні Абай кітапханасының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Бизнес және сервис колледжінің студенттері үшін «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің мызғымас тұғыры» атты танымдық ақпараттық сағат өткізілді. Студенттерге б.з.д. VI ғасырда сақ тайпаларын басқарған Томирис патшайым дәуіріндегі ел тәуелсіздігі …
10 желтоқсан күні Абай кітапхананың қызметкерлері «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің» дайындық бөлімінінің тыңдаушыларына «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты тақырыпта патриоттық сағат өткізді. Шараның мақсаты – оқырмандарға Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы тарихын кеңінен таныстырып, елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін арттыру …
4 желтоқсан күні Абай кітапханасында жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековтің «Қарғын» романы бойынша оқырмандар конференциясы өтті. Конференция «100 кітап» ұлттық сауалнамасының қорытындысы негізінде ұйымдастырылды. Шараға Шәкәрім университетінің Филология жоғары мектебінің студенттері қатысты. Конференция барысында Дайырбекова Амина мен Ерболатқызы …
30 қараша күні Абай кітапханасында қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» және «III дәрежелі Барыс» ордендерінің иегері Несіпбек Айтұлының туғанына 75 жыл толуына орай «Ұлт рухының жыршысы – Несіпбек Айтұлы» тақырыбында сұхбат алаңы өтті. Іс-шараға …
29 қараша күні Абай кітапханасында Шымкент қаласының Мәдениет және өнер күндері аясында «ШЫРАЙЛЫ ШЫМҚАЛАДАН – ШҰҒЫЛАЛЫ ШЫҒЫСҚА» атты әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Кұлбек Ергөбек және филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы ғалым Ақжол Қалшабекпен мазмұнды шығармашылық кездесу өтті. Шараның модераторы …
28 қараша күні Абай кітапханасында Құнанбай қажы атындағы «Алаш» аудармашылар одағының директоры, филология ғылымдарының магистрі, журналист, кәсіби аудармашы, салыстырмалы әдебиеттану теоретигі әрі терминтанушы Әліәкбар Әбіл-Серік Әбілқасымұлының әдебиеттану мен мәшһүртану ғылымдарына арналған 9 кітабының тұсаукесері өтті. Аталған шараға әдебиет пен ғылым …
27 қараша күні Абай кітапханасында Семей қаласының №31 жалпы орта білім беретін мектебінің 6 «А» сынып оқушыларының қатысуымен Қадыр Мырза Әлінің «Ой орман» шығармасына арналған әдеби-танымдық сағат өтті. Іс-шара барысында оқушылар ақынның өмірбаяны мен шығармашылық жолына қатысты «Wordwall» платформасы арқылы …
26 қараша күні Абай кітапханасында қазақтың көрнекті драматургі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» драмасы бойынша оқырмандар конференциясы өтті. Конференция «100 кітап» ұлттық сауалнамасының қорытындысы аясында ұйымдастырылды. Іс-шараға Семей қаласының №31 жалпы орта білім беретін мектебінің ұстаздары Смағұлова …
22 қараша күні өлкетану балалар үйірмесі кіші сынып оқушыларына серуендік экскурсия өткізді. Қала мектептерінің оқушылары бұрынғы Ново-Базарная немесе Александровская-Ленина деп аталатын Мәңгілік Ел көшесін зерттеуді жалғастырды. Бұл жаяу экскурсия балаларды және олардың мұғалімдерін Мәңгілік Ел мен А.Ибраев көшелерінің қиылысын, қалалық …
21 қараша күні Абай кітапханасының қызметкерлері Семей қаласының Жоғары гуманитарлық-заң және техника колледжінің студенттеріне Болат Жандарбековтың «Сақтар» дилогиясына арналған әдеби сағат өткізді. Шара «100 кітап» ұлттық сауалнамасының қорытындысы аясында ұйымдастырылды. Аталмыш романда «Томирис» және «Шырақ туралы аңыз» атты екі тарихи …
20 қарашада балалардың өлкетану клубы Н. Л. Гидулян басқаратын электротехника колледжінің «Ұлы дала» клубының жас өлкетанушы студенттері үшін «Семейдің тарихи-архитектуралық кеңістігі» тақырыбында экскурсия – презентация өтті. Бұл іс-шараның мақсаты – студенттерді «Мәңгілік Ел» көшесі бойындағы тарихи- архитектуралық орындармен таныстыру. Шара …


















