1-18 / 2629

Медеу Сәрсеке: веб-альбом

29.02.2016

«Құрмет» орденінің иегері, жазушы Медеу Сәрсекенің 80 жылдығына арнап, Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының автоматтандыру бөлімі Интернет және әлеуметтік желілерде веб-альбом орналастырды.

Жас ақындар жыр арнады: бейнетүсірілім

25.02.2016

2016 жылы 25 ақпан күні Абай кітапханасындағы «Поэзия бұлағы» ақындар клубының мүшелері ән әуенін өзіндік биікте қалықтатқан, жерлес композитор ағамыз Тұрсынғазы Рахимовтың 65 жылдық мерейтойына арнап және Семей атом полигонының жабылғанына 25 жыл толуына орай кітапхананың semeylib.kz сайтына жасалып жатқан …

Қайым – Ақын. Ұстаз. Ғалым: ақпарат сағаты

24.02.2016

2016 жылдың 24 ақпаны күні Абай атындағы әмбебап кітапханасыныда, №30 орта білім беретін мектептің 10 сынып оқушылары үшін ғалым, абайтанушы, ұстаз Қайым Мұхамедханұлының 100 жылдық мерейтойы аясында «Ғалым. Қайраткер. Тұлға» – атты тақырыпта ақпарат сағаты өткізілді.

Алтын ғасыр классикасының Дарабозы: кездесу

23.02.2016

2016 жылы 23 ақпан күні Абай кітапханасында заманымыздың заңғар жазушысы, «Парасат»орденінің иегері, «Қазақстанның халық жазушысы», халықтың құрметті азаматы – Қабдеш Жұмаділовпен кітапхана пайдаланушыларының кездесуі болып өтті.

Теңдессіз сыйлық: «Мәңгілік Ел» Республикалық үгіт пойызы делегацияларынан сыйлық

22.02.2016

Ақпан айының 22-ші жұлдызы күні с.14:30-да Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған жалпыреспубликалық «Мәңгілік Ел» үгіт пойызы» акциясы аясында жолға шыққан делегация Абай атындағы кітапханаға ат басын тіреді.

Жыл мезгілдері: фотосессия

18.02.2016

2016 жылдың 18 ақпанында Абай атындағы кітапхана мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Объектив» фотоклубының мүшелеріне «Жыл мезгілдері» фотосессиясын ұйымдастырды.

Өнерім – менің өмірім: веб-альбом

18.02.2016

Әнші, сазгер Тұрсынғазы Рахимовтың 65 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы «Өнерім – менің өмірім» http://photopeach.com/album/15qui7f атты веб-альбомын ұсынады.

Арғынбек Ахметжанов – абайтанушы, халық композиторы: бұрыштың тұсаукесері

17.02.2016

Абай атындағы әмбебап кітапхананың өнер бөлімінде 2016 жылы 17 ақпан күні «Өнер өлкесінде» клубының аясында, Абай һакімнің 45-тен астам өлеңіне ән-романстар жазған абайтанушы, сазгер, қолөнер шебері Арғынбек Ахметжановтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Арғынбек Ахметжанов – абайтанушы, халық композиторы» атты бұрыштың …

Президент күні: дөңгелек үстел

17.02.2016

Абай атындағы кітапханада 17 ақпанда шетел әдебиеттер бөлімінің қызметкерлері «Lingua Town» тіл орталығымен бірлесе отырып Американның президентіне арналған іс-шара өткізді.

Жастар және сайлау: веб ашық хат

15.02.2016

Біздің қоғамда қазіргі уақытта ең басты мақсат – жаһандық қауіп-қатерлерге қисынды жауап беру. Оның саяси жауабы – Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау. 2016 жылы мерзімнен ерте парламенттік сайлау өткізіледі.

Этикет балы: бал шеруі

13.02.2016

13 ақпан күні Абай атындағы кітапхана мен «Возрождение» Облыстық неміс Қоғамдық Бірлестігі «Бал этикеті» шарасын ұйымдастырды.

Қазақ кино өнерінің шоқ жұлдызы: шығармашылық сағат

12.02.2016

12 ақпан күні Абай атындағы кітапхананың өнер бөлімі Шәкен Аймановтың туған күніне орай М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Қазақ кино өнерінің шоқ жұлдызы» тақырыбында шығармашылық сағат өткізді.

Түрлі – түсті қарындаштар әлемі: шығармашылық сабақ

11.02.2016

Абай атындағы кітапхананың өнер бөлімі мен Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бірлесе отырып 2016 жылы 11 ақпан күні мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған кезекті «Түрлі – түсті қарындаштар әлемі»: шығармашылық сабағын өткізілді.

АҚШ Президенті күні: викторина

11.02.2016

Абай атындағы кітапхана қызметкерлері 11 ақпан күні Америка сөресі аясында оқырмандарға АҚШ-тың президент күніне арналған, «Президент күні» атты тақырыпта іс-шара өткізді.

Тұрсынғазы Төлеубайұлы Рахимов: бейнежазба

09.02.2016

9 ақпан күні Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орайластырып Абай атындағы кітапханада «Сәби болғым келеді» әнімен танымал, өз өнермен қалың қауымды сүйсінтіп жүрген, жерлесіміз, сазгер, Қазақстанға еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері Тұрсынғазы Рахимовтан бейнежазба түсіріліп алынды.

Шығыс Қазақстан жерінің аңыздары: видео-сұхбат

09.02.2016

Абай атындағы кітапхана М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің жобалық қызметтерімен әріптестік байланыстарын жалғастыруда. 9 ақпан күні өткен видео-сұхбат жобамыз халық ауыз әдебиетінің бірі – аңыз тақырыбына арналып отыр.