Ұлан болғым келеді: спорттық-патриоттық сайыс
5 мамыр күні Абай атындағы әмбебап кітапханасында ҚР Қарулы Күшінің құрылғанына 25 жыл толуына және Отан қорғаушылар күніне орай жас жеткіншектердің жүрегіне елжандылық сезімін қалыптастыру, ұлттық-патриоттық тәрбие беру мақсатында «Ұлан болғым келеді» атты спорттық-патриоттық сайыс ұйымдастырылды.
Патриоттық әндермен басталған сайысқа сайыпқыран, жас буын Семей қаласындағы № 37 мектеп-гимназиясының («Жеңіс» командасы) және № 12 мектептің («Елім-ай» командасы) білімдері мен күштерін таразылау үшін екі топқа бөлініп, 7 сайыс түрінен өз бақтарын сынап, шараның маңыздылығын арттыра түсті. №37 мектеп – гимназиясының 6 сынып оқушысы Сақыпжанов Серікжан вокалдық шеберлігімен ерешеленіп, көрермен қошеметіне ие болды. Сайыс қорытындысы бойынша №37 мектеп-гимназиясының «Жеңіс» командасы 46 балл жинап, 1-ші орынды иеленді.
Шара соңында оза шыққан жүлдегерлер алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталып, сайысқа қатысушылар «Біздің есімізде» атты Ұлы Отан соғысы жылдарынан сыр шертетін экспозициялық кітап көрмесімен танысты. Бұдан соң Ауған жерінде қаза болған интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.