Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы: басылымдар көрмесі
12 мамыр күні Абай атындағы әмбебап кітапханасында «Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы» тақырыбында кең көлемді басылымдар көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: дін туралы ақпараттар беру арқылы келер ұрпақты адамгершілікке, мейірімділікке, мәдениеттілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу, оқырмандардың діни сауатын ашу, ҚР қазіргі таңдағы діни ахуалы жайлы мағлұматтар беру. Көрмеге әлемдік діндер және олардың халықтар арасындағы рухани келісімдерді нығайту жайында кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды. Көрмені ғылыми-тәжірибелік зерттеулер, оның ішінде: «Очерк по истории мусульманских общен Семипалатинска (конец 18-начало 19 вв.)», алғашқы діни басылымдар «Құран», «Библия» сондай-ақ, ата-бабаларымыздың діни мұралары және адамдардың рухани дамуы жайындағы әдебиеттер толықтыра түсті. Көрмеде «Ислам ынтымақ пен бірлік жолында», «Мұсылмандық қағидалары», «Дін мен Дәстүр», «Бала тәрбиесі бесіктен басталады», «Ислам қағидалары» және мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалар ұсынылып, кітапхана пайдаланушыларына шолу жасалынды. Кітап көрмесі айдың соңына дейін жалғасын таппақ.