Әуезов шығармаларындағы балалар тақырыбы
2013 жылдың 25 мамырда мәдени сенбілік аясында қаламыздағы техникалық коледжінің жанындағы психологиялық дамуы тежелген балаларға арнап Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы танымдық сағат ұйымдастырды.
Өткізілген күні: 25 мамыр 2013. Өткізілген орны: Семей техникалық колледжі. Қатысушылар: мүмкіндіктері шектелген балалар тобы және топ жетекшілері. Қатысушылар саны: 30. Мақсаты: Жазушы М.О.Әуезов шығармаларындағы балалар тақырыбымен таныстыру. Күтілетін нәтиже: балаларды жазушы шығармашылығынан кітап оқуға тарту.
2013 жылдың 25 мамырда мәдени сенбілік аясында қаламыздағы техникалық коледжінің жанындағы психологиялық дамуы тежелген балаларға арнап Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы танымдық сағат ұйымдастырды. Мәдени шараның балаларға берер тағылымы мол болмақ, өйткені Абай дариясынан сусындап, Мұхтардай ұлтымыздың ұлыларын дәріптеу – ұрпаққа парыз. Іс-шара барысында Мұхтар Әуезовтың шығармашылығындағы балалар тақырыбы, жазушы өмірінің белгісіз беттерінен хабарлама жасалып, жазушының «Көксерек», «Жетім» әңгімелері туралы мағлұматтар берілді.