Дербес компьютерді тәжірибелі пайдалану: тренинг
6-12 қараша аралығында компьютер негізін меңгерген қатысушыларға арнайы тренинг өткізілді. Екі қатысушы – медбике мен студент – тренингте арнайы бағдарламаларда жұмыс жүргізу, мәтіндік редакторларда, Excel бағдарламасында кесте жасау және сақтау, бағдарламаларды іске қосу, Windows жүйесін меңгеру және Интернет қосымшаларының жұмыстарымен танысты. Қатысушылардың білімдерін нақтылау мақсатында тәжірибелік тапсырмалар мен тест жүргізілді. Қатысушылар алған білімін өзінің болашақ жұмысында және жеке өмірінде жақсы қолдана алады деп сенеміз.