Шығыс жол шеңберін салушылар: өлкетану қонақжайы
18 қараша күні Абай кітапханасында өлкетану қонақжайының кезекті отырысы өткізілді. Осы жолы қоңақжай «Шығыс жол шеңберін салушылар» тақырыбына арналды. Шығыс жол шеңбері Семей, Өскемен және Шығыс Қазақстанның басқа да елді мекендерімен байланысты қамтамасыз ететің бірден-бір тас жол болды. Жоба байынша 11 жылда салынып, миллиондаған қаржы талап ететін жолды бүкіл халық жабылып, ұзындығы – 806 шақырым, 381 көпірі бар жолды 72 күнде ғана салып шықты. Құрлысшылар жол сала жүріп кино, концерт көріп, би кештерін де ұйымдастырып, кітап та оқып үлгерген екен.
Аталмыш шараға арнап кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, 20 ғасырдың 30-40 жылдарында шыққан кітапханамыздың сирек қорындағы латын қарпімен және кириллицамен басылған әдебиеттер қатысушылардың көңілінен шықты. Көрмені «Шығыс жол шеңберінің» құрлысы кезінденгі құжаттар мен фотосуреттер толықтыра түсті. Қонақжай қоңақтарының назарына осы құрлысқа байланысты сол заманда 500 дана ғана болып шыққан «Халықтық құрылыс күші» атты плакат пен «Семей Облыстық атқару комитетінің еңбекші депутаттары Кеңесінің ерекше көзге түскен «Шығыс жол шеңбері» құрлысшыларының Құрмет кітабы» ұсынылды. Бұл сирек құжаттарды өлкетанушы, ұстаз, бір кездегі көлік колледжінің мұражай директоры О.А. Исаева өзінің жеке мұрағатынан алып келген. Сонымен қатар, көрмеге сол дәуірдегі қала коллекционерлерінің экспонаттары: маркалар, төс белгілер, тыйындар, телефон және жергілікті ғалым А.Исиннің жеке мұрағатындағы 1937-1938 жылдардағы «Техника молодежи» мен «Автомобильный транспорт» журналдарының тігіндісі қойылды.
Көрменің бір бөлімі осы тас жол құрлысын өз шығармаларына арқау еткен ақын жазушылар: Д. Снегин, М. Ауэзов «Второй участок», Г. Мустафин «Провалившаяся скала», К. Айтмухамбет «Тіршіліктің тамыры», Бесқарағайлық ақын Н. Баймуратовтың «Бүгін» және Өскемендік ақын Павел Кузнецовтың «Трасса энтузиастов» еңбектеріне арналды.
Өлкетану қонақжайының отырысын қалалық филормонияның «Ардегерлер хоры» мен музыкалық колледж студенті Бахаргүл Жүнісбек орындаған әндер одан әрі жандандыра түсті.