Шығыс Қазақстанның қасиетті жерлері: бейне саяхат
Қазақ халқы ұзақ тарих пен әлемдік мәдениет қазынасына қосылған мәдени құндылықтардың иесі. ШҚО мәдени ескерткіштердің саны мен алуан түрлілігімен көз тартады. Семей қалалық қарттар мен мүгедектерге арналған Медициналық-әлеуметтік мекемесінде 27 қараша күні өткізілген «ШҚО-ның қасиетті жерлері» атты бейне саяхаты осы тақырыпқа арналды. Кітапхананың мамандары презентациялар мен бейнероликтер арқылы мекеменің науқастарын Шығыс Қазақстандағы қасиетті жерлердің табиғи, рухани және тарихи объектілеріне арналған «Шығыс Қазақстанның аңыздары мен әңгімелері» атты электронды кітаппен таныстырды. Іс-шараның бейнематериалдары Қоңыр-Әулие үңгірі, Катон-Қарағай ұлттық паркі, қасиетті бұлақ және басқа да көптеген қызықты нысандар туралы фильмдерден тұрады. Сонымен қатар кітапханашы мамандар Берел шатқалы, Белуха тауы мен өзге де қасиетті орындарға байланысты аңыз-әңгімелерге, суының тазалығы және емдік қасиеттерімен ерекшеленетін Шығыс Қазақстанның көлдері: Алакөл, Марқакөл, Сибинск көлдеріне де тоқталып өтті.
Бейне саяхат Шығыс Қазақстанның табиғаты бойынша электронды және дәстүрлі басылымдарды ұсынған кітап көрмесімен толықтырылды.