• Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • KZ
  • RU
Кіру
Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіАбай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СҰРАҚ ҚОЮ

Онлайн виртуалды анықтама

ҰЗАРТУ

Кітаптарды пайдалану мерзімін ұзарту

БӨЛІМДЕР

Кітапхана бөлімшелері
ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГ

Жаңалықтар

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Ұлт зиялыларының мұралары латын қарпінде: сирек кітаптар көрмесі

Ұлт зиялыларының мұралары латын қарпінде: сирек кітаптар көрмесі

  • 29.11.2018

Кітапхана қызметкерлері қаламыздағы Қазақстан инновациялық университетінде  өткен «Латын әліпбиіне көшу – өркениетке қадам» атты семинарға  «Ұлт зиялыларының мұралары латын қарпінде» атты сирек кітаптар көрмесімен қатысты. Семинар  қатысушыларын, яғни бүгінгі таңда білім алып жатқан жас буын өкілдерін «Рухани жаңғыру»  мемлекеттік бағдарламасы аясында қоғамымыз көшкелі отырған латын әліпбиі жайлы ақпаратпен таныстырып, еліміздің 1929-1940 жж. даму кезеңін  қамтыған латын қарпінде жарық көрген сирек қор әдебиеттерінің көрмесі ұсынылды.     135 жылдық тарихы бар кітапханамыздың сирек басылымдарының алтын қорындағы ұлт зиялыларының төл туындылары жас буын өкілдерінің назарын тартты. Қазақ елінің тәуелсіздігі үшін жандарын қиған ұлт зиялыларының өмірімен, шығармашылығымен өрілген сирек кітаптарға жасалған шолу семинар қатысушыларына үлкен ой тастады. Шараға қатысушы қаламыздың жоғары оқу орындары ұстаздары алған ақпараттарына ризалық білдіріп, студент жастарға біздің кітапхана сирек қорынан ұлт зиялылары шығармаларын ғылыми жоба негізінде зерттеуге ұсыныс білдірді. Тарих толқынында болған, өз ұлтының жарқын болашағы үшін күрескен ұлт зиялыларының  жанкештілігі, ұлтын шексіз сүюі әрқашан жас буынға  үлгі болуы керек. Жас буын өкілдеріне елін, жерін, халқын сүюге, өз Отанының патриоты болуға үлгі боларлық іс тындырған, аттары қазақ тарихында мәңгі сақталуға тиіс зиялыларымыздың шығармаларын Алаштың 100 жылдығына орай кітапхананың дайындаған  «Алаш» электронды кітапханасымен сайтымыз арқылы қол жеткізуге болатыны жайлы ақпарат берілді.

Әсіресе, әйгілі  37-нің құрбандары С.Сейфуллин, Х.Есенбайұлы, І.Жансүгіров, Қ.Жұбанов, А.Сейітов, А.Маметов, Ұ.Құлымбетовтың,  Т.Шонанұлы, Б.Майлин сынды ұлт зиялыларының көзі тірісінде баспа көрген шығармалары, авторларының ауыр тағдырлары  жастар зердесіне ой салар сирек жәдігерлер болды.

Кітаптар көрмесі  латын қарпіндегі «Әдебиет майданы», «Комсомол пропагандисі» журналдары мен «Социалистік майдан», «Екпінді Алтай» сияқты Шығыс Қазақстан облыстық аудандық газеттер тігінділерімен толықты.

QR – кодымен  безендірілген тақтада Абай Құнанбайұлының 1936 жылы Р.Жаманқұловтың редакторлығымен баспа көрген «Таңдамалы өлеңдері»,   ұлт зиялылары, алаш арыстарының көзі тірісінде жария көрген өте сирек кездесетін басылымдары ұсынылды.

ІЗДЕУ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Біздің өлкенің құстары: өлкетану клубы
04ақп.2026
Конституцияның жаңа реформасы: талқылау
03ақп.2026
Жемқорлықсыз қоғам орнату – басты парыз: ақпараттық сағат
29қаң.2026
Темекі шегудің зияны: әлеуметтік дәріс
28қаң.2026
Орал тауының ертегішісі: өлкетану қонақжайы
27қаң.2026

НАВИГАЦИЯ

  • Негізгі бет
  • Кітапхана жаңалықтары
  • Іс-шаралар афишасы
  • Кітапхана шежіресі

ОҚЫРМАНЫ ҮШІН

  • Анықтама қызметі
  • Кітапты ұзарту
  • Бөлімдер
  • Байланыстар

БАЙЛАНЫСТАР

Адрес: Қазақстан, Абай облысы, Семей қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 86 ү.
Индекс: 071400
тел.: 8(7222) 52-04-94, 52-38-87
факс: 520-494
e-mail: semeybib@yandex.kz

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

САЙТТА ТІРКЕЛУ

Кіру | Тіркеу

Login with your site account

Lost your password?

Not a member yet? Register now

Register a new account

Are you a member? Login now