Кітапханадағы жаңа жылдық таңғажайып: мереке
26 желтоқсан күні Жаңа жыл қарсаңында Абай кітапханасында «Сиқырлы қылқалам» және «Шебер қолдар» үйірмелерінің мүшелеріне арналып «Кітапханадағы жаңа жылдық таңғажайып» атты мерекелік шырша өткізілді. Кітапхана қызметкерлері балалар үшін «Ертегілер кейіпкерлерінің жаңа жылдағы оқиғалары» атты тамаша қойылымын ұсынды. Жаңа жыл кеші жағымсыз кейіпкер Кикимораның қыстың көңілді меркесін бұзбақшы болған әрекетімен басталды. Алайда, ешқандай кедергілерге қарамастан көптен күткен Жаңа жыл кеші басталып кетті. Балалар тамаша мерекелік көңіл күймен суық Қысты, әтешті, балапандар мен тауықты, жолбарыс пен түлкіні, қасқыр мен қойды және Аяз Ата мен Ақшақарды қарсы алды. Барлығы сиқырлы сөзбен әдемі шыршаның шамдарын жарқыратты. Шыршаның жанына жиналған қонақтар «Ормандағы жасыл шарша», «Суық қыстағы кішкентай шырша», «Жаңа жылдық ойыншықтар», «Жаңа жыл» т.б. мерекелік әндерді бірге орындады. Жаңа жыл мерекесі «Кішкенетай үйрек балапандарының» биімен жалғасты. Жаңа жылдық ертегі кейіпкерлері биден шашу шашып, балаларға тамаша мерекелік көңіл күй сыйлалды. Жаңа жылдық шырша барысында мерекеге келген балалар ойын ойнап, жұмбақтар шешіп, өлең айтып, би биледі. Әрине, көрсеткен өнерлері үшін Аяз Ата балаларға сыйлықтарың да беруді ұмытқан жоқ. Мереке барысында мультфильмдер мен ертегілер кейіпкерлері трансформер-адам, өрмекші-адам, сыпайы Эльза, сүйкімді көбелек т.б. бас қосты.
Жаңа жыл мерекеміз өте тамаша өтті. Аяз Ата мен Ақшақар балаларға көңілді жаңа жыл тілеп, келесі жылға дейін қош айтысып тарқасты. Жаңа жылдық мерекенің соңы тамаша би кешіне ұласты.