Оқитын өлке: акция
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапханасы 2013ж 14 маусым күні Семей аймағында «Оқитын өлке» акциясын ұйымдастырды. Акцияны Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының бастамасымен Абай атындағы әмбебап кітапханасы бірінші рет қаламыздағы және аймақтағы кітапханалармен бірігіп бір күнде, бір уақытта өткізіп отыр.
Өткізілген күні: 14 маусым 2013 жыл. Өткізілген орны: Семей қалалық Орталық саябақ, Абай ескерткіші алаңы, Жеңіс саябағы, Арбат аллеясы, Қайнар ауылындағы орталық кітапханасының алаңы, Мұқыр ауылдық кітапханасы кітапхана алаңы, Зағиптар және көздері нашар көретін азаматтарға арналған арнайы Семей кітаханасы – Зағиптар қалашығы. Қатысушылар: Қала тұрғындары, саябақ демалушылары, демалыс лагеріндегі және биологиялық орталықтың жанынан құрылған үйірме мүшелері, ауыл тұрғындары. Қатысушылар саны: 475. Мақсаты: Өскелең ұрпаққа компьютерден, телевизордан басқа Кітаптаң бар екенін ұғындырып, сезіндіру. Қала жұртшылығының оқу мәдениетін көтеру және қолдау, рухани азықтандыру. Күтілетін нәтиже: өскелең ұрпақ пен қала жұртшылығының кітап оқу деңгейін дамытып, мәдени-рухани құндылықтарды сақтап, бәсекеге қаблетті жан-жақты дамыған, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу.
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапханасы 2013ж 14 маусым күні Семей аймағында «Оқитын өлке» акциясын ұйымдастырды. Акцияны Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының бастамасымен Абай атындағы әмбебап кітапханасы бірінші рет қаламыздағы және аймақтағы кітапханалармен бірігіп бір күнде, бір уақытта өткізіп отыр.
«Оқитын өлке» акциясын Семей қаласындағы Орталық саябақта «Болашақтың энергиясы – Қазақстанның болашағы» (Халықаралық көрмелер тарихы мен «ЭКСПО-2017» көрмесіне байланысты) арнайы стендке шолудан бастады. Осы шара барысында Бүкіләлемдік көрме жайында қызықты фактілер мен оқиғалар және Халықаралық көрмелер бюросының жұмыстары жайында көптеген мәліметтер және елімізде жоспарланған «ЭКСПО-2017» көрмесінің барысымен таныстырып, арнайы әзірленген суретті стенд пен кітап көрмесі қойылды. Қатысушыларғы шолу өткізіліп, буклеттер, ақпараттық беттер таратылып ойын-викторина ұйымдастырылды.
Аталмыш акция Абай ескерткіші алаңында О.Бөкей шығармашылығы бойынша «Өр Алтайдың Мұзбалағы» тақырыбындағы диалогпен жалғасты. Шара барысында жазушы шығармашылығы жайлы әңгімеленіп, жазушы туындысына арқау болған сол кезеңдердегі оқиғалар айтылып, ақпарат берілді. Іс- шара соңында қатысушылар осындай іс- шараның ұйымдастырылуына алғыстарын білдіре келе, «Ғажайып ағаш» аталатын кітапхананың тілек тақташасына өз көңілдерін білдіріп, ұжымға табыс- тілектерін жазды.
«Табиғат әлемі балалар көзімен» экологиялық көңілді тапқырлар клубы КВН-і Биологиялық орталықта өткізілді. Балалар назарына табиғаттағы өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіне байланысты кітапханаға келіп түскен жаңа әдебиеттерден шолу ұсынылды. Шолуға: «Қазақстанның өсімдіктер әлемі», «Төрт түлік», «Су астындағы тіршілік», «Тірі табиғат», «Жәндіктер», «Құстар», «Елдер мен құрлықтар», «Динозаврлар», «Географиялық саяхат» кітаптарынан кездейсоқ өте қызықты оқиғалар қысқаша айтылып таныстырылды. Алғаш рет «Оқитын өлке» аясында Жеңіс саябағында және арбат аллеясында «Буккроссинг-кітап айналымы» қозғалысын ұйымдастырды. Кітапхана қызметкерлері саябақ және аллея демалушыларына арнайы безендірілген 30 кітапты айналымға «саяхатқа» жіберді. «Семей қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ қалалық №41 бағыттағы автобуста «Оқу автобусы» акциясын өткізді.
Кітапхана қызметкерлері автобус салонын шараға сай безендіріп, кітапхана туралы ақпарат беріп, жолаушыларға Шәкәрімнің 155 жылдығына арналған «Ғұлама, ақын, данышпан», «Кітап – білім бұлағы», М.Әлімбаевтің 90 жылдығына «Балалардың сүйікті жазушысы», «Ахмет мұрасы – алтын қазына», «Қазақстан тарихы» және т.б. қызықты сұрақ-жауап ойындарын өткізді. Автобустағы ата-аналарға баланың кітапқа қызығушылығын арттыру үшін және оқу техникасын жақсарту үшін көптеген пайдалы кеңестер берді. Түрлі-түсті әдемі тыстағы кітаптарды, мерзімді басылымдарды көрсетіп кітапханаға шақырады. Дәл осы күні осы акция аясында Қайнар ауылындағы орталық кітапханасы ауыл орталығында «Кітап – біздің досымыз және көмекшіміз», Мұқыр ауылдық кітапханасы алаңында «Кітап – алтын қазына», Зағиптар және көздері нашар көретін азаматтарға арналған арнайы Семей кітаханасы Зағиптар қалашығында «Кітап алтын қазына» атты әдеби-сазды библиокеруендер өз мәресінде өткізілді. Қатысушыларды түрлі тақырыптардаға кітап көрмелері қарсы алып, ауыл тұрғындары кітапхана тарапынан ұйымдастырылған мұндай мәдени шараларға ризашылығын білдірді.