2019 жылдың әдебиет кеңістіктегі мерейтойлы күндер: күнтізбе-көрме
11 қаңтар күні 2019 жылдың көрнекті классик мерейгер ақын-жазушылары мен мерейтой кітаптарын оқырмандарға дәріптеу мақсатында «2019 жылдың әдебиет кеңістіктегі мерейтойлы күндер»: күнтізбе-көрме тақырыбында «Мерейгер жазушылар» мен «Мерейтой кітаптар» атты екі бөлімнен тұратын кең көлемді кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.
2019 жыл әлем тарихында өшпес із қалдырған ұлы ақындары мен жазушыларының алды үш жүз жылдық, соңғылары екі жүз, жүз жылдық даталар тізбегін жалғайтын мерейтойлық атаулы жомарт жыл болмақ.
Мерейгер жазушылар қатарында 455 жыл бұрын дүниеге келген ағылшынның ұлы драматургы әрі ақыны Уильям Шекспир, Артур Конан Дойл (160 жас), Э. Хемунгэй (120 жас), жазушы-драматург Ж.Аймауытов (130 жас), Б.Майлин (125 жас), белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Т.Рысқұлов (125 жас), В.Набоков (120 жас), А.Ахматова (130 жас), Ә.Кекілбаев және Ф. Оңғарсынова (80 жас) сынды т.б. әр шығармаларында өз мінезі, тағдыры, дара жолы бар өз оқырманын тапқан ақын-жазушылардың шығармаларына библиографиялық шолу өткізілді.
Шара барысында кітапхана қызметкерлері әдебиеттің түрлі жанрына қалам тартқан жазушылар мен әлем әдебиетінің алтын қорына қосылған шоқтығы биік шығармалар Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағы (110 ж), С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» (105 ж.), М.Әуезовтың «Көксерек» (90 ж.), С.Бегалиннің «Қыран кегі» поэмасы (70 ж.), майдангер жазушы Қ.Қайсеновтың «Партизан соқпақтары» (55 ж.), француз жазушысы В.Гюгоның «Человек, который смеется» (150 ж.), Н.В.Гоголь «Мертвые души» (180 ж.), П. Бажов «Малахитовая шкатулка» ертегісі (80 ж.) және т.б. шығармаларының үздік үлгілері оқырман қауым іздеп жүріп оқитын туындылар қатарында екені баяндады.
Әсіресе 300 жыл бұрын жазылған ағылшын жазушысы Даниель Дефоның атағы жер жарған адам баспаған иесіз аралда қалған «Робинзон Крузо» атты романы үш ғасыр өтсе әлі күнге дейін өз оқырмандарын қызықтырып отыр.
Құрметті кітап сүйер қауым! Сіздерді көрмемен танысып, аталмыш кітаптарды оқуға шақырамыз!