Өз тарихымызды білеміз бе?: интеллектуалды викторина
17 қаңтар күні балалар әдебиетінің қызметкерлері Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында Т.Аманов атындағы №16 ЖББО мектептің 4 «г» сынып оқушыларына іс-шара өткізді. Бұл іс-шара еліміздің тарихынан сыр шертетін интеллектуалды ойын түрінде жүргізілді. Шара мақсаты бүлдіршіндердің жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру, олардың ойлау, үш тілде сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, туған жерін, Отанын қастерлеуге тәрбиелеу.
Интеллектуалды ойын барысында балалар Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласымен кеңінен танысып, туған еліміз Қазақстан туралы қызықты мәліметтер жинақтады. Оқушылар арасында «Кім жылдам?», «Тарихыңды қаншалықты білесің?», «Ойлан тап» т.б. интеллектуалдық, танымдық ойындар, сайыстар өткізілді. Оқушылар белсене қатысып, өз білімдерін тиісті деңгейде көрсете білді, қойылған сұрақтар қазақ, орыс, ағылшын тілінде жауап беруге тырысып жатты.
Кітапханашылар іс-шара соңында арнайы ұйымдастырылған «Ұлы даланың жеті қыры» атты көрнекті кітап көрмесінің жеті қырын айтып, мән-мағынасын ашып түсіндірді.