Ұлы даланың жеті қыры: кең көлемді кітап көрмесі
18 қаңтар күні кітапхана қызметкерлері Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына орай, кітапхана оқырмандарына өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу, еліміздің терең тарихы мен мәдениетін кеңінен насихаттау мақсатында «Ұлы даланың жеті қыры» атты кітап көрмесін пайдаланушылар назарына ұсынды.
Шара барысында кітапхана қызметкерлері атқа міну мәдениеті, ұлы дала халқының ежелгі металлургия өндіру ісімен мақтанатынын, түркі әлемінің бесігі болған еліміз, Еуропа мен Азияны жалғаған Ұлы Жібек жолы, Алтын адам, аң стилі мен еліміздің алма мен қызғалдақтар Отаны екендігі жайында, ежелгі замандарда біздің жеріміздегі дала өркениетінің технологиялық тұрғыдан қаншалықты қарқынды дамығанын көрсететін әдебиеттерге, мақалаларға толығырақ мәліметтер берді. Кітап көрмесіне қойылған «Зергерлік өнер әлемі», «Таңбалы», «Түркі әлемінің көшбасшылары», Махаева А. «Ұлы жібек жолы» т.б. әдебиеттер көрмені тамашалауға келген № 2 ЖББО мектептің оқушылары мен колледж студенттерінің қызығушылығын тудырды.
Кітап сүйер қауым ұлы даланың жеті қырын айқындап беретін атаулы көрмеден өздерін қызықтырған тақырыптарды кеңінен тануға мүмкіндік алады.