Сіздің өмірлік құндылықтарыңыз: ойын тренингі
Жастардың құндылық туралы бағыттары үнемі өзгеріп отырады, бұл тақырып кез-келген уақыт интервалында маңызды. 2019 жыл Жастар жылының аясында 20 ақпан күні «Сіздің өмірлік құндылықтарыңыз» атты тренинг өткізілді. Тренинг барысында гуманитарлық заң және техникалық колледж студенттеріне «Өмір құндылықтары», «Қоғам құндылықтары», «Құндылық туралы әңгімелер» атты бейнероликтер көрсетілді. «Сіздің өміріңіздің мәні неде?» ойыны өткізіліп, жастардың көкейінде жүрген өзекті сауалдарға жауап беруге көмектесті. Ойын басталғанға дейін әр қатысушыларға он белгі берілді. Ойын кезінде осы 10 белгі жеке тұлғаны құрайтын қасиеттер мен мүмкіндіктердің жиынтығына тең болды. Жастарға сонымен қатар «жұмсаймыз» немесе «үнемдейміз» сынды таңдау құқығы берілді. Екі зат бір мезгілде сатылымға қойылды, қатусышылар олардың біреуін таңдауына немесе екеуінен де бас тартуға құқылы, тек қана екі затты бір мезетите сатып ала алмайды. Әр затты сатуға қойылған сәтте ғана сатып алуға болады. Аукционға: пәтер, автокөлік, бос уақыт, танымалдылық, шынайы дос, жақсы білім, тиімді кәсіп, құрмет, махаббат, таза ар-ождан және көптеген басқа да лоттар қойылды.
Ойынның нәтижесі көрсеткендей, оның қатысушылары өз жастарына байланысты рухани емес, материалдық құндылықтарды сатып алуға бейім.
Іс-шара жастарға өздерінің басымдықтарын таңдауға бағытталған кітаптар ұсынылған кітап көрмесімен толықтырылды. «Уютная книга о счастье», «Живая любовь», «Уроки выдающихся лидеров» және «Сделай себя сам» атты кітаптар шара қатысушыларының ерекше қызығушылығын тудырды.