Мағжан Жұмабаев: әдеби сағат
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана қызметкерлері 2013 жылы 21 маусым күні Семей қаласының қарттармен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медицина-әлеуметтік мекемесі Мағжанның 120 жылдығына орай әдеби сағат өткізді.
Өткізілген күні: 21 маусым 2013 жыл Өткізілген орны: Семей қаласының қарттармен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медицина-әлеуметтік мекемесі. Қатысушылар саны: 15 адам зейнеткерлер. Шараның мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың өмірбаяны және шығармаларымен таныстыру.
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана қызметкерлері 2013 жылы 21 маусым күні Семей қаласының қарттармен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медицина-әлеуметтік мекемесі Мағжанның 120 жылдығына орай әдеби сағат өткізді. Қатысушылар танымал қазақтың ұлы жазушысы М.Жұмабаевтың өмірі тереңнен сыр шертетіндігімен таныса отырып, ғұмыр жолындағы әртүрлі айтарға тұрарлық ақпараттармен танысты. Шығармаларына шолу жасалып, бірсыпыра өлеңдерін оқыдық. Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Абай поэзиясының өшпес маңызын бірден танып, оны «хакім» деп атады, ұлы ақынның «мың жыл жұтса дәмі кетпес» сөзін жаңа жағдайда ілгері дамытты, Батыс пен Шығыстың рухани қазынасын сабақтастыру негізінде қазақ поэзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байытты. Мағжан Жұмабаев ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді көтерді , халқын өнер-білімге шақырды. Аталмыш іс-шара соңыңда ақынға арналған кітап көрмесі ұсынылды. Онда кітапхана қорындағы М.Жұмабаевқа байланысты әдебиеттер, мерзімді басылым беттерінде әр жылдарда жарық көрген мақалалар және ғаламтор беттеріндегі қызықты мәліметер орын алды. Іс-шараға қатысушы қарттар өз ризашылықтарын білдіріп, кітапханаға жемісті еңбек тіледі.