Компьютер негізі: тренинг.
2019 жылғы 22-26 сәуір аралығында компьютер негіздері бойынша тренинг өткізілді. Үш қатысушы – зейнеткер және жұмыссыздар -мәтінмен, суретпен жұмыс жүргізуімен, құжаттарды жасау жұмысымен және Windows операциялық жүйесімен танысты. Тренингтен алған білімдерін нақтылау мақсатында қызықты тәжірибелік тапсырмалары берілді, онда қатысушылар алған білімдерін жақсы көрсете алды. Оқу нәтижесінде тындаушылар әрі қарай қадам жасап, Интернет курсына жазылды.