Мәдениет саласы қызметкерлері күнімен: кітапханашы мамандардың мәртебелі марапаттары

21.05.19

21 мамыр күні Қазақстанда мәдениет саласы қызметкерлері күні атап өтіледі. Бұл дәстүр 2013 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы шыққан кезде пайда болған. Осы тамаша оқиғаға байланысты Абай атындағы кітапхананың төрт қызметкері Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің  ардагері» және «Кітапхана ісінің үздігі» медальдарымен марапатталды. Кітапхана ісінің ардагерлері Рахимова Татьяна Николаевна мен Мұқанова Зәмзәгүл Төлтаевнаны және «Кітапхана ісінің үздігі» Майкенова Айман Көпжанқызы мен Манжибаева Жанылгүл Әділбекқызын шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа шығармашылық жетістіктер мен кәсіби жеңістер тілейміз!