Балалық шақ – бақытты шақ: мерекелік бағдарлама
Абай атындағы кітапханада 1-ші маусым балаларды қорғау күніне орай «Балалық шақ – бақытты шақ» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
1950 жылдан бастап 1-маусым күні Халықаралық балаларды қорғау күні әртүрлі іс-шаралар өткізуімен атап өтілуде. Ертегі кейіпкерлерінің костюмдерін киіп кітапхана қызметкерлері мерекеге қатысатын балалармен бірге би билеп, ән айтып, мерекеге ерекше көңіл-күй сыйлайды. Мерекелік шара №37 гимназия жанындағы «Балауса» жазғы лагерь демалуышларымен бірлесіп өткізілді.
«Айналайын» балабақшасының тәрбиеленушілері Турдина Амина, Советхан Алихан, Маулютханова Кәусар, Елгелді Балерке әннен шәшу шашты. №37 ЖББО мектептің оқушысы Аманкелді Айсана және кітапханамыздың кішкентай оқырмандарының бірі Буркитова Бота тамаша билерімен көрермендерді тамсандырды.
Шара барысында кітапханамызда жылы бойы белсенді жұмыс жасап тұрған «Сиқырлы қалам» сурет үйірмесінің және «Шебер қолдар» үйірмесінің белсенді қатысушылары алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шара соңында балдырғандарды таңғажайып оқиғалар әлемін бейнелейтін ұлы ертегішілердің туындыларымен, өздеріне бала кездерінен таныс «Пысық құлан», «Қасқыр мен қоян», «Алдар көсе», т.б. «Табиғат ғажайыптары», «Хандар мен батырлар» сынды танымдық энциклопедиялармен, ойыншықтар, шарлармен безендірілген иллюстративті кітап көрмесіне шолу жүргізілді.