Отбасы басты назарда: ақпараттық-білім беру семинары

24.06.19

21 маусым күні Абай атындағы кітапханада «Жанұя орталығы» ҚҚ
ұйымдастырумен «Отбасы басты назарда» тақырыбында ақпараттық-білім беру семинары өтті.

Аталған шараға қаланың белсенді тұрғындары, денсаулық сақтау, білім беру саласы, әлеуметтік қорғау мекемелерінің мамандары, мәдениет қызметкерлері және Озерки және Приречный ауылдық округтеріндегі әлеуметтік қызметкерлер қатысты. Семинарда талқылаған сұрақтар: атаулы әлеуметтік көмекті есептеу әдістемесі, отбасындағы ажырасулар мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және цифрландыру саласындағы ақпаратқа қол жеткізуді кеңейту болды. Көпшілікті толғандырып жүрген ағымдағы тақырыптардың бірі атаулы әлеуметтік көмекті есептеу әдістемесі туралы ақпаратты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығының АӘК бөлімінің кеңесшісі Динара Түсіпова жан-жақты түсіндіріп берді.
«Жанұя орталығы» қоғамдық қорының заңгері Өмірбаева Руфияның ажырасу мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы ақпаратын қатысушылар үлкен ынтамен тыңдады, сонда-ақ біздің қаламызда және жалпы республикада неке бұзу үдерістері туралы деректер келтіріліп, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері болған жағдайда қандай шаралар қолдану керектігі туралы кеңестер берді.
Психолог Лалык Николай семинарға қатысушыларды цифрландыру саласындағы ақпаратқа қолжетімділікті кеңейту туралы хабардар етті және Семей қаласының Халыққа қызмет көрсету сапасын және қалалық инфрақұрылымды жақсарту үшін Семей қаласы Бақылау – bakylau-semey.kz порталдарына толығырақ тоқталды, DamuMed электрондық медициналық сервистерінің мобильдік қосымшасын жазып алу, оның көмегімен пайдаланушылар дәрігерді үйге шақырыруға, жазылған рецептер мен зертханалық зерттеулердің нәтижелерін қарап, аурухана парақтарын көшіріп алу болатындығы туралы жан-жақты түсіндіріп өтті.