Астана – үміт қаласы: қызықты хабарлама сағаты
5 шілде күні Абай атындағы кітапханада Достық үйінің өкілдеріне арналып «Астана – үміт қаласы» тақырыбында қызықты хабарлама сағатын өткізді.
Мәдени шараның мақсаты: Елорданың көрікті жерлерін таныстыру арқылы отанымыздың астанасы – Нұр-сұлтан әлемдік қауымдастықта бейбітшілік пен достықтың қаласы болып танылғандығын мақтанышпен жеткізіп, азаматтардың бойында ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыру.
Іс-шарада қатысушыларға қаланың экономикалық және саяси өмірінен, елорданың қалыптасу тарихынан, сондай-ақ әр елдің сәулетшілері құрған әсем сәулетті ғимараттар және тарихи маңызды деректер баяндалды. Бұл қаланы Целиноград ретінде білетін аға ұрпаққа елорда өміріндегі қызықты фактілер атап айтсақ, Қазақстандағы ең үлкен ту, астананың ең биік ғимараттары, көлбеу лифтілер, 120 тонналық теңіз тұзы бар океанариум және басқа да қызықты мәлеметтерден ақпараттар берілді.
Іс – шара соңында «Астана – Еуразияның жүрегі» деректі фильмі көрсетіледі. Қатысушылардың назарына Нұр-Сұлтан қаласы жайындағы кітаптар, қаланың көрікті жерлерін бейнелейтін фотоальбомдар ұсынылған кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылады.
Іс-шара соңында қатысушылар дөңгелек үстел басында жиналып, елордамыздың даму мәселелерін, оның әлемдік қауымдастықтағы, бейбітшілік пен конфессияаралық келісімнің астанасы ретіндегі рөлін талқылады.